Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

220 МЫҢНАН АСТАМ ПЕДАГОГ ЖАЛАҚЫСЫНА 50%- ҒА ДЕЙІН ҚОСЫМША АҚЫ АЛАДЫ

Елімізде 350 мыңнан астам педагог еңбек етуде. Оларлың 220 мыңнан астамы аттестация қорытындысымен тағайындалған біліктілік санаты үшін жалақысына қосымша ақы алады.Мысалы, педагог-шеберге 50%, педагог- зерттеушіге 40%, педагог-сарапшыға 35%, педагог-модераторға 30% қосымша ақы төленеді. Елімізде барлығы 73 820 педагог-модератор, 81 168 сарапшы, 71 141 зерттеуші, 3482 шебер бар. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 4 жыл ішінде педагогтердің жалақысы 100%-ға, яғни, екі есеге арттырылды. Сондай-ақ 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру педагогтерінің еңбекақысы 30%-ға көбейтілді.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ