Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

2022 ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН БЕРІ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ «БӨБЕК» ОРТАЛЫҒЫНДА АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРДАН ШЫҚҚАН МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ТЕГІН САУЫҚТЫРУДАН ӨТТІ

2022 жылдың басынан бері Оқу-ағарту министрлігінің «Бөбек» ұлттық білім беру және денсаулық сақтау орталығында еліміздің барлық аймағынан 1000-нан астам көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың балалары, жетім балалар тегін оңалту процедураларынан өтті.

Қыркүйек айының басынан бері «Бөбек» орталығы Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарынан 140 баланы, соның ішінде Қостанай облысындағы өрт кезінде эвакуацияланған балаларды (31 адам) қабылдады.

«Соматикалық және респираторлық аурулары бар балалар 22 күндік сауықтыру курсынан өтеді. Сауықтыру бағдарламасында өсіп келе жатқан ағзаның функцияларын қалпына келтіруге бағытталған сауықтырудың тиімді және қауіпсіз, табиғи әдістері қолданылады. Бұл 6 мезгілдік теңдестірілген дәрумендері бар тамақтану режимі, дене шынықтыру, физиотерапиялық процедуралар және т.б. Педиатрлар балалармен жас, физикалық және психоэмоционалдық жағдайды ескере отырып, жеке денсаулық бағдарламалары бойынша жұмыс істейді және жеке процедураларды таңдайды», – деді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.

Алматыдағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы жыл бойы жұмыс істейді. Медициналық процедуралар мектеп бағдарламасына сәйкес оқумен біріктірілгенін айта кетейік. Сонымен қатар балалардың ой-өрісін кеңейту үшін экскурсиялар, қызығушылықтары бойынша үйірмелер мен шығармашылық шеберханалар ұйымдастырылған.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ