Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

145 мың колледж студенті  2024 жылы мемлекеттік тапсырыспен білім алады

Жаңа оқу жылында техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 60 мың орынға ұлғаяды. Осылайша, мемлекеттік тапсырыспен қабылданатын білім алушылардың саны 145 мыңға жетеді, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы келесі техникалық мамандықтар бойынша көбейеді: геология, машина жасау, энергетика, ІТ, металлургия, көлік және т.б.

«772 техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында бүгінгі таңда 542 мың студент білім алуда. Олардың 60 пайызы жұмысшы мамандықтар бойынша дайындалуда. Қазіргі уақытта ТжКБб бойынша мемлекеттік тапсырыспен қамту 80%-ға жетті. Ал 2025 жылы жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша 100% тегін техникалық және кәсіптік білім берумен қамту жоспарлануда», - деп атап өтті департамент директоры Әсет Мұханбетов.

Айта кету керек, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 10 мың абитуриент қабылданады. Қазіргі таңда 518 кәсіпорын 410 колледжді шефтік қамқорлыққа алған.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ