Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

12 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ «АТА-АНАЛАР АКАДЕМИЯСЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ САУАЛНАМАҒА ҚАТЫСТЫ

«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының хабарлауынша, «Ата-аналар академиясы» жобасында сабақ тақырыптарының қажеттілігін анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 12 526 адам қатысты.

Сауалнама ата-аналардың педагогикалық және психологиялық мәдениетін арттыру, баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді. «Ата-аналар академиясының» білім беру жобасы осы жауаптарға қарай ата-аналарды оқытудың тақырыптық бағыттары әзірленеді.

Сауалнамаға қатысқан 12 526 адамның 56,2% - ы ауыл, 43,8% - ы қала тұрғындары. Олардың 35,1% Түркістан, 10,5% Атырау, 10% -ы Жетісу облыстарынан, қалған 44,4% - ы еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындары. Респонденттердің 54% - ы мектепте айына 1 рет күндізгі оқу нысанында өткізілетін сабақтарға қатысуға дайын.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ