Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

1-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ АЯҚТАЛДЫ

Елімізде 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау мерзімі аяқталды. Құжаттарды қабылдау толық төрт ай, яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейінгі аралықта жүргізілген болатын. Осы мерзім ішінде қазақстандықтардан 377 681 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 339 880 оқушы бірінші сыныпқа қабылданды. Өтініш берішулердің 70,7% мектепті мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді. Құжаттарды қабылдау еgov.kz электронды порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылды. Бірінші сыныпқа қабылданушылардың ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласында (99,3%), Павлодар (97,6%), Шығыс-Қазақстан (96,6%) облыстарында тіркелді.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ