Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

1 шілдеден бастап елімізде отбасыға орналасудың жаңа түрі - «Кәсіби қабылдаушы отбасы» енгізіледі

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен дөңгелек үстелде Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері 1 шілдеден бастап елімізде балаларды орналастырудың жаңа түрі – кәсіби қабылдаушы отбасы енгізілетінін хабарлады. Бұл уақытша шара балаларға қауіпсіз әрі жайлы үй жағдайын жасауға бағытталған. ​Қабылдаушы кәсіби отбасылар бір уақытта төрт балаға дейін қабылдай алады. Әрбір балаға жеке көңіл бөлініп, қамқорлық көрсетіледі. Баланың мұндай отбасында болу мерзімі ең көп дегенде алты айды құрайды. ​Қабылдаушы кәсіби отбасыларға тек төрт санаттағы балалар ғана орналастырылады:​•​жетім балалар;​•​ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;​•​панасыз және қараусыз қалған балалар;​•​зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балалар. ​Қабылдаушы кәсіби отбасы болуға үміткерлер міндетті түрде жетім балаларға арналған арнайы ұйымдар мен балаларды отбасына орналастыруға көмектесетін аккредиттелген мекемелерде психологиялық дайындықтан өтеді. ​Кандидаттарды тағайындау туралы шешімді қамқоршылық органдары қабылдайды. Бұл шешім ұсынылған құжаттардың толықтығы мен заң талаптарына сәйкес қабылданады. ​Қабылдаушы кәсіби тәрбиешіге әр бала үшін ай сайын жәрдемақы және көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем қарастырылған. ​Балалар анықталған бойда интернат мекемелеріне емес, бірден отбасыларға жіберіледі. Бұл олардың отбасы жылуын сезінуіне мүмкіндік береді. ​Айта кетейік, елімізде балаларды орналастырудың төрт түрі бар: асырап алу, қамқоршылық, патронат және қабылдаушы отбасы.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ