Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады. Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, қазақ тілін меңгерген (В1 деңгейінен төмен емес) Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады. Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: - Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;- Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау; - Сыртқы саясат және инвестициялар; - Экономикалық және қаржылық саясат; - Цифрландыру; - Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам. Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі: - Құжаттарды қабылдау; - Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау; - Ситуациялық тапсырмаларды шешу; - Құзыреттерді бағалау (Assessment center және HR-сұхбат); - Сарапшылық комиссияда әңгімелесу; - Ұлттық комиссия отырысы. Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады. Жеңімпаздар ағымдағы жылғы желтоқсанда жарияланады.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ