Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Жаңалықтар

1 маусымда «Әншуақ» балалар әндері фестивалінің гала-концерті өтеді

Биыл бірінші рет еліміздің түкпір-түкпірінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Әншуақ» балалар әндерінің фестифалі өтуде. Фестиваль ӘНШУАҚ хэштегімен 1 ақпан күні әлеуметтік желілерде басталды. Бұл уақыт аралығында 15 мыңнан астам видео жарияланып, 13 миллионнан астам қаралым жиналды.

1 маусым күні онлайн форматта «Әншуақ» қазақ тіліндегі балалар әндері фестивалінің гала-концерті өтіп, жеңімпаздардың есімдері белгілі болады.

«Фестивальдің ерекшелігі - еліміздің рухани, мәдени байлығын дәріптеуінде. Ол өскелең ұрпақты «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» тұжырымдамасында көрініс тапқан дәстүрлі тарихи, рухани, мәдени құндылықтар негізінде тәрбиелеуге бағытталған. Фестиваль әр баланың бойында өз елі үшін мақтаныш сезімін тудырады. Балалар тарапынан оған деген үлкен қызығушылықтың бар екенін көріп отырмыз. Бүгінге дейін 15 мыңнан астам видео жарияланды, ең танымал балалар әндері шырқалды», - деп атап өтті тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.

Атап өту керек, қазақ тіліндегі ең танымал балалар әндерінің қатарында «Отан», «Ұстазым», «Аяулы ана», «Оқып, біліп үйренеміз» «Мен қазақтың қызымын», «Ана деп ән саламын», «Біз Отанның ұланымыз», «Тәуелсіз ел ұраны», «Ата- әже», «Бірлігіміз жарасқан», «Керек бізге тыныштық», «Үш бақытым», «Бірліктің туы», «Тәтті», «Қазақстаным», «Туған ел» «Домбыра», «Алақай», «Егемен ел – Қазақстан», «Ертегілер» және басқа да әндер бар.

Бастапқы дереккөзге сілтеме: ҚР БжҒМ