Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

ІІ тарау. Вирустар − тіршіліктің жасушасыз түрі

Конспект

Тірі табиғатта вирустар өз алдына дүние құрайды. Бұларда жасуша жоқ және тірі ағзаның жасушасынан тысқары тіршілік нышанын білдіре алмайды. Мөлшері өте ұсақ болғандықтан, олар жай көзге көрінбейді.

 

Мөлшері бактериядан да кіші болғандықтан, вирусты х1000 000 есе үлкейтетін микроскопта ғана көруге болады. Ол - жасушасы жоқ өте ұсақ бөлшекті затия, яғни жасушасыз құрылым. Ол бактериядан кіші, вирус - латынша «у» деген сөз.

 

Вирус екі түрлі нуклеин қышқылынан, сыртында нәруызды қабығы бар заттардай құралады. Бірақ олар вируста өсімдіктер мен жануарлар жасушасының құрылымына мүлде сәйкес келмейді. Оның пішіні - шар, сопақ, таяқша, жіп тәрізді. Вирустың өлшемі 0,0000002 см.

Бактериофагтар

 

Бактериофаг бөліктердің пішінін алты топқа бөлуге болады. Ал көбею үдерісі өте күрделі. Бактериофагтың тек өсу сатысындағы тірі жасушаларында ғана көбеюі маңызды ерекшелік деп есептеледі. Оны сызбанұсқа түрінде былай кескіндеуге болады. Вируста жасушадан тысқары жерде зат алмасу жүрмейді. Ол нуклеин қышқылын тірі жасушаларға енгізіл, оны өзінің көбеюіне пайдаланады. Соның нәтижесінде 30 минутта 1 жасушадан жүздеген жаңа вирустар пайда болады. Пайда болған жаңа вирустың бөлшектері келесі жасушаны зақымдайды. Вирус жасуша ішінде ғана әрекет ететін паразит болып табылады. Ол кез келген тірі ағзалар тобын зақымдайды. Демек, вирус - жасуша ішінде өмір сүретін паразит.

 

Өсімдік, жануар, адам ағзасында ғана вирус көбейе алады. Кейбіреуі бактерия жасушасын ерітіп жібереді. Вирустар тек тірі жасушада ғана тіршілік етеді. Вирус ұзақ уақыт топырақта, суда және өзге де жерлерде сақталады.

Бактерия жасушасына енетін вирус фаг немесе бактериофаг (грекше «бактерион» - таяқша, «фагейн» - жебір, жеп қою, жою деп аталады. Зерттеу нәтижесінде өсімдікте 400 және жануарда 500 вирус түрлері тіршілік ететіні анықталған.

 

Ауру туғызатын вирустар

Вирус ағзаның жасушаларына еніп, тіршілігін бұзады, ауру тудырады. Олар: ту мау, балалардың сал ауруы, қызылша, сары ауру, шешек, ұшық, ИТИС (иммунитет тапшылығын иемденген синдром). Бұл ауруларды емдеу өте қиын. Вирустарға антибиотик дәрілер әсер етпейді. Көбіне ағзаның иммунитет жүйесі ғана ауру туғызатын вирустардың шамадан тыс көбейіп кетуін тежейді.

 

Иммунитет - ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті. Ағзаның өз тұтастығын және биологиялық даралылығын қорғайтын жасуша иммундық жасуша деп аталады. Ауру тудыратын ұсақ ағзаларды қармал, тіршілігін жою арқылы иммундық жасуша ағзаны қауіпті жұқпадан (инфекциядан) сақтандырады.

 

Өсімдіктерде вирустар тудыратын аурулар

100 топқа бірігетін вирустар мыңнан астам өсімдік ауруларын қоздырады. Вирус зақымдаған өсімдіктердің жапырағында, басқа мүшелерінде түрлі түсті дақтар, жолақтар пайда болады. Вирустардың әсерінен кейбір өсімдіктің бойы өспей, пішіні өзгереді. Астық дақылдарын зақымдаған вирустар оның түсімін төмендетеді.

Вирустар

 

Тірі табиғатта (ағзалы әлемде) вирустар өз алдына дербес вирустар дүниесін құрайды. Олар бактериядан да кішкене, жай көзге көрінбейді. Вирустардың басқа тірі ағзалардан ерекшелігі - тірі жасушадан тысқары тіршілік ете алмайды. Вирус - жасушасы жоқ кішкене бөлшек, яғни жасушасыз құрылым. Ол тірі және өлі формалардың аралық буыны деп есептеледі. Бактерия жасушасына еніп көбейетін вирус бактериофаг деп аталады. Вирус - жасуша ішінде тіршілік ететін паразит.

 

Вирустар адам және өсімдік, жануар ағзасына еніп, олардың тіршілігін бұзады, ауру туғызады.

 

Өсімдіктер физиологы және микробиолог, орыс ғалымы Дмитрий Иосифович Ивановский (1864-1920) темекі теңбілін зерттеп, 1892 жылы вирусты ашты.



Сұрақтар
  1. Жасуша  ішінде  өмір  сүретін паразит:
  2. Вирус терминін 1899 жылы ғылымға енгізген  ғалым.
  3. Вирус  көбейе  алады:
  4. Бактерия жасушасына енетін вирус:
  5. Алғаш рет темекі теңбілі вирусын 1892 ж.  ашқан  орыс биологын ата.
  6. Фагтың көбею сатысының ұзақтығы:

  7. 1917 жылы іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагты анықтаған:

  8. Бактериофагтар туралы алғаш рет сипаттап жазған вирусолог және бактериолог:

  9. Бактерия жасушасының қабықшасын ерітетін фермент:

  10. Тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі:

  11. Анцит

Қате туралы хабарландыру