iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Экономикалық даму: нарықтық қатынастардың орнығуы
Экономиканы нарықтық жүйеге көшіру аса қиын әрі күрделі болып шықты. Қағаз ақшаны шамадан тыс көп шығару салдарынан оның құнсыздануы күшейді. Халықтың қолында 13 миллиард сомға жуық тауармен қамтамасыз етілмеген ақша болды.
1992 жылдың басынан Ресейде бағаның босатылуы республикадағы жағдайды қиындата түсті. 1992 жылдың 6 қаңтарында Қазақстанда бағаны еркіне жіберу туралы жарлық шықты. Еркін бағаның енгізілуіне байланысты тауарлардың бағасы қымбаттады. Зейнеткерлер, мұғалімдер, дәрігерлер жалақыларын көбейтуді талап еткен ереуілдерге шықты.
1992 жылы өндірістің құлдырауы халық шаруашылығының барлық салаларын қамтыды. Өнеркəсіпте ауыр жағдай қалыптасты.
Өнім шығару 1991 жылмен салыстырғанда 14,8%-ға, ұлттық табыс 14,2%-ға кеміді. Электр қуатын өндіру 3,9%-ға кеміді. Шойын қорыту 5,8%-ға, болат 4,9%-ға, темір өндіру 20%-ға қысқарды. Аяқ киім кәсіпорындарының жұмысы іс жүзінде тоқтап қалды.
Ауы шаруашылығында бірқатар жетістіктер болды. 1992 жылы астықтан рекордты түсім – 33 млн т. өнім жиналды. Өсімдік шаруашылығынан 66,5 млрд сом пайда түсті. Бірақ ет пен жүн өндіруден бұрынғыдай жетістік болмады. Көптеген шаруашылықтардың жалақы төлеуге, техника сатып алуға, жанармай, қосалқы бөлшектер үшін есеп айырысуға шамалары келмеді. 1993-1994 жылдары қыстың қаталдығынан мал шығыны көп болды.
ТМД елдеріндегі хромит қорының 98%-ы, бариттің 82%-ы, фосфориттің 64%-ы, вольфрамның 53%-ы, қорғасынның 38%-ы, молибденнің 29%-ы, мыстың 28%-ы Қазақстан аумағында орналасқанымен, әлемдік рынокқа шығарып пайда табудың сәті түспеді. Қазақстанның өзіндік құны жоғары астығына да сұраныс азайды. 1994 жылы егістік 6 млн гектарға қысқарды.
Осы жылдары “төлем дағдарысы” деген ұғым пайда болды. Бұл – өзара экономикалық байланыс жасап тұрған елдердің міндетті төлемдерін өтей алмауы. Ресей кəсіпорындары Қазақстаннан алған өнімдерінің төлемдерін уақытында қайтармауды əдетке айналдырды.
Қазақстан экономикасын дамыту үшін оны ірі мұнай өндіруші елге айналдыру қажет болды. Республика өз мұнайын экспортқа шығару үшін теңіздерге жол ашуы керек болды. Республикаға жыл сайынғы ішкі қажетін өтеу үшін 20 млн т. мұнай керек болса, 1990 жылдардың басында мұнай өндіру көлемі – 27 млн т-ға жетті.
1993 жылдың қыркүйегінде жаңа деңгейдегі рубль аймағын құру туралы алты жақты және Ресей мен Қазақстанның ақша жүйесін біріктіру туралы екі жақты келісім жасалды. Ресейде жаңа үлгідегі ақша эмиссиясы жүргізілгенде, ескі ақшаның Қазақстанға ағылуы қаржы жүйесін шайқалтып, құнсыздану қарқынын күшейтті. Осы жағдай Қазақстанды тезірек ұлттық валютасын енгізуге мәжбүр етті. Ақша таңбаларының жаңа үлгілері жасалды. Ақша айырбастау тəртібі енгізілді. 1961-1992 жылдардағы сом үлгілерінің 500 рублі 1 теңгеге тең болды. АҚШ-тың 1 доллары 4,7 теңгеге теңесіп тұрды. 16 жастан асқан Қазақстанда тұрақты тұратын əр азаматқа 100 мың Ресей рублін теңгеге айырбастауға мүмкіндік берілді.
1993 жылғы 15 қарашада Республика Президентінің жарлығымен ұлттық теңге айналымға енгізілді. “Мұндай оқиға әр елдің тарихында тек бір-ақ рет болады, баршамыз өзіміздің ұлттық валютамызды енгізудің қаншалықты қажеттігін және жағдайдың төтенше сипаты мен себептерін түсіне білуіміз керек. Біз үшін оның экономикалық қана емес, саяси маңызы да аса зор”, – деді Н.Назарбаев.
Ұлттық валютаның енгізілуі Қазақстанның халықаралық аренадағы беделінің де көтерілуіне септігін тигізді.
-
Кеңес Одағы ыдыраған соң, 1994 жылы егіс алаңы қысқартылды:
-
1961-1992 жылдарда шығарылған ақша үлгiлерiнiң 500 Ресей рублi теңгеге тең болды:
-
1992 жылы еліміздің диқандары жиниған астық көлемі:
-
Қазақстанда бағаны еркіне жіберу туралы жарлық шықты:
-
1992 жылы өндірістің құлдырауы салдарынан темір өндіру үлесіқысқартылды:
-
Қыстың қаталдығынан мал көп шығынға ұшыраған жыл:
-
Қазақстанға тиесілі төлемдерді уақытында қайтармаған мемлекет:
-
1993 жылы АҚШ-тың 1 доллары теңгеге теңестегенде:
-
Ұлттық теңге айналымға енгізілген мерзім:
-
Қазақстанда тұрақты тұрып жатқан, 16 жастан асқан азаматқа қанша Ресей рублін теңгеге айырбастауға болатын еді:
-
Ұлттық валюта күнін көрсет.