iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
V бөлім. 19 ғасырдың II жартысындағы қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік – экономикалық жағдайы. 1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
1822, 1824 жылдардағы жарғылар жаңа капиталистік қарым-қатынастарға, өрістей бастаған өлкенің шаруашылық даму талабына қайшы келді. 19 ғасырдың 60 жылдары қазақтарды басқару жүйесін өзгерту үшін И.И.Бутков басқарған комиссия құрылды. Қазақ даласын Батыс және Шығыс облыстарға бөлу көзделді. Бұл ұсыныстар қабылданбады. Қазақ өлкесін басқару ісін өзгертуді дайындау Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған “Дала комиссиясына” жүктелді. Ғалым Шоқан Уәлиханов Қазақстанды билеуді халықтың өзін-өзі басқару негізінде қайта құруды талап етті. Алайда комиссия феодалдық топ өкілдері ірі бай Мұса Шорманұлы, сұлтан Шыңғыс Уəлиханұлы, аға сұлтан Сейдəліұлынан жиналған мəліметтерге сенім артты. 1867 жылғы 11 шілдеде “Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ереже” бекітілді. 1868 жылғы 21 қазанда “Орынбор жəне Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша
Ереже” бекітілді.
Қазақ жері үш генерал-губернаторлыққа бөлінді: Түркістан – орталығы Ташкент, Орынбор – орталығы Орынбор, Батыс Сібір – орталығы Омбы. 1872 жылдан бұрынғы Бөкей хандығының жері Астрахан губерниясына, ал Маңғыстау приставтығы 1870 жылдан Кавказ әскери округінің басқаруына, кейіннен Закаспий облысына енгізілді. Түркістан генерал-губернаторлығына Қытай және Иранмен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат етілді.
1867-1868 жылдардағы реформаның түйінді жері әскери және азаматтық биліктің генерал-губернатор қолында шоғырлануы болды.
Генерал-губернаторлықтар жеке облыстарға жіктелді. Орынбор генерал-губернаторлығына Орынбор және Торғай облыстары, Түркістан генерал-губернаторлығына Жетісу және Сырдария облыстары, Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Ақмола және Семей облыстары біріктірілді. Облыс басында тұрған әскери губернатор сонымен қатар, сол аймақтағы казак әскерінің үкімет тағайындаған атаманы болып есептелді. Әскери губернатор жанында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылды. Ол шаруашылық, сот істері, жарлықты жүзеге асыру бөлімдерінен тұрды. Облыстық басқарма істерін қадағалау вице-губернаторларға тапсырылды. Уездер аумақтық принципке негізделген болыстарға, ал болыстар 100-200 шаңырақтан тұратын ауылдарға бөлінді. Сұлтандар үкіметтен өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етіліп, салықтардан босатылды. Реформаның таптық мазмұнын, отаршылдық бағытын осыдан көруге болады. Сырдарияның отырықшы елді мекендерінің басқару билігі ақсақалдар қолына берілді. Облыстық әскери губернаторлар бекіткен ақсақалдар өкілдер жиынында 3 жылға сайланатын. Болыстық және ауылдық старшындар сияқты ақсақалдарға да қоладан құйылған арнайы белгі мен мөр тапсырылатын. Сот ісін басқару құрылымы үшке бөлінді. Əскери-сот комиссиялары, уездік соттар, билер мен қазылар соты. Сырдария облысында қазылар соты сақталса да, әскери уездік соттардың дауларды шешудегі әсері басым болды. Әскери губернатор бекіткен билер мен қазылар соты патша үкіметінің Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны болды.
1867-1868 жылдардағы реформалар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында белді орын алды. Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты. Феодалдық-патриархалдық қатынасты əлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады. Таптық жіктелу салдарынан жатақтар қалыптаса бастады, яғни кедейленген қазақтардың өндіріс орындарына шоғырлануы. Реформа арқылы отарлық басқару, билік нығайтылды. Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарыұлы реформаның теріс жақтарын өз шығармаларында мысқалдап, сынады.
-
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша уездер бөлінді:
-
1867-1868 жылдардағы реформа бойыншақоладан құйылған белгі мен мөр тапсырылды:
-
Қазылар соты сақталған аймақ:
-
1867-1868 жылдардағы реформа бойыншабилер мен қазылар сотын бекітті:
-
Таптық жіктелу салдарынан қалыптаса бастаған жаңа тап өкілдері:
-
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша әскери губернаторлар басқарды:
-
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша уезд бастықтарын тағайындады:
-
Орынбор генерал-губернаторлығына біріктірілген облыстар:
-
1867-1868 жылдардағы қазақ жеріндегі генерал-губернаторлықтар:
-
“Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы Ереже” бекітілген мерзім:
-
Өзін-өзі басқару негізінде қайта құруды талап етті:
-
Батыс облысының 19 ғасырда орталығы болған қала:
-
Кәстек бекінісі салынған жыл:
-
«Далалық комиссия» құрылды:
-
Реформаға сәйкес басқарудың ең төменгі екі сатысындағы болыстар мен ауылнайлар жергілікті ақсүйектерден іріктеліп сайланды:
-
1867–1868 жылдардағы аралығында Қазақстан территориясында генерал-губернаторлық(-тар) құрылғанын табыңыз.
-
1867–1868 жж. уақытша ереже бойынша Түркістан генерал-губернаторлығына қай облыстар кірген?
-
1867–1868 жж. уақытша ереже бойынша Орынбор генерал-губернаторлығына қай облыстар кірді?
-
1867–1868-жылдардағы реформа бойынша Түркістан генерал-губернаторлығына қай елмен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат етілді?