Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

19 ғасырдың 50 жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі

Конспект

19 ғасырдың ортасы Ресейдің Сырдарияның оңтүстігін және Оңтүстік Қазақстанды отарлауын кеңейтуіне қарсы, Хиуа хандарының өктемдігіне қарсы бағытталған антифеодалдық ірі көтерілістермен белгілі. 19 ғасырдың ортасында болған Сырдария бойындағы көтерілістің себебі: Хиуа ханы Мұхаммед-Рахым Аллақұлдың Жаңадария мен Қуаңдария аудандарында қамалдар тұрғызуы. Көтеріліс жетекшісі – Жанқожа Нұрмұхамедұлы. Көтеріліске Арал маңындағы ірі рулар қатысты.

1843 жылы Жанқожа Нұрмұхамедұлының бастауымен Төменгі Сыр қазақтары хиуалықтардың Қуаңдария бойындағы бекінісін талқандады.

1845 жылғы көктемде Жанқожа тобы хиуалық 2000 əскерді жойып жіберді. 1847 жылы Хиуа ханының Райым бекінісін жойып жіберуге тырысқан əрекеті сəтсіз аяқталды. Жаңақала ауданы көтеріліс ошағы болды. 1856 жылдың жазында Жанқожаның жанына 2 мыңдай қарулы топ жиналды. 1856 жылы желтоқсанның аяғында көтерілісшілер Қазалы портын қоршауға алды. Жанқожа бірігіп соғысу үшін қозғалыс басшыларының бірі Есет Көтібарұлына сенімді өкілін жіберді. Күштерді біріктірмеу үшін генерал-майор Фитингов тобы жіберілді. 1860 жылы Жанқожа көтерілісі талқандалды. Патша әскерінің қуғындауынан Жанқожа Арал маңынан шегінуге мәжбүр болды.

Арал теңізінің солтүстігінде Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс жалғасын тапты. Орынбор әкімшілігі Есет батырды ұстауды сұлтан Арыстан Жантөринге тапсырды. 1855 жылғы 8 шілдеде Есет тобы сұлтан Арыстан Жантөрин лагеріне шабуылдап, сұлтанды сыбайластарымен қоса мерт қылды. 1857 жылы наурызда тұтқынға түскен 3 қазақ атылып, 18-і Сібірге жер аударылды. 1858 жылғы қыркүйекте Есет батыр Орынборға барып, патша билігін лажсыздан мойындады.19 ғасырдың 50 жылдары Оңтүстік Қазақстан, Сырдарияның орта ағысынан Ақмешітке дейінгі, Ташкенттен Жетісуға дейінгі жерлер Қоқан хандығына тəуелді болды. Қоқан хандығының езгісіне қарсы ең ірі көтеріліс 1858 жылы наурызда Əулиеата маңында болды. Негізгі қозғаушы күші – қазақ, қырғыз шаруалары. Көтерілістің себебі: Мырза Ахметтің қазақ, қырғыз жерлерін күшпен тартып алып, өз жақындарына беруі. Қыздар мен тұрмыс құрмаған əйелдерге қосымша салық салуы. Көтерілісшілер Əулиеата, Тоқмақ, Шымкенттегі Қоқан бекіністерін қоршап, Пішпек түбінде қоқандықтарға соққы берді. 3 мыңдық қолы бар Мырза Ахмет Қоқан ханынан көмек сұрады. Көтерілісті басуға келген топтың бірін Кенесарының ұлы Тайшық сұлтан басқарды. Қоқан әскерлерінің жақындауы қазақ ауылдарын Ресей бақылауындағы өңірлерге көшуге мәжбүр етті. 1858 жылғы мамырда көтерілісшілер Созақ, Мерке, Шолаққорғанды алып, Жаңақорған мен Түркістанды қоршады. Қазақ феодалдары опасыздық жасап, Қоқан ханы Худиярмен ымырластық келісімге келді. Көтерілістің басты ошақтары аяусыз жаншылды. Бұл көтеріліс Оңтүстік Қазақстанды Қоқан тепкісінен босатып, Ресей құрамына кіруіне алғышарт жасады.



Сұрақтар
  1. Жанқожа Нұрмұхамедұлы көтерілісінің болу себебі:

  2. Төменгі Сыр қазақтары Қуаңдария бойындағы бекіністі талқандады:

  3. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілісшілер ошағы:

  4. Жанқожа Нұрмұхамедұлы көтерілісі талқандалды:

  5. Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс қамтыған аймақ:

  6. Есет Көтібарұлы тобы сұлтан Жантөрин лагеріне шабуылдады:

  7. 19 ғасырдың 30-40 жылдары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның бір бөлігін иеленген:

  8. Қоқан хандығының қарсы ең ірі көтеріліс болған жер:

  9. Қоқандықтар шабуылынан қазақ ауылдары көшуге мәжбүр болды:

  10. Көтерілісшілер Созақ, Мерке, Шолаққорғанды алды:

  11. Қоқан езгісіне қарсы 1858 жылғы көтеріліске кім қатысты?

  12. XIX ғасырдың 50-жылдарына дейін Қазақстанның оңтүстік аймақтары кімге тәуелді болды?

Қате туралы хабарландыру