Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Қимақ қағанаты (9 ғасырдың соңы – 11 ғасырдың басы)

Конспект

9 ғасырдың соңында қимақ тайпасының атымен Қимақ қағанаты құрылды. Қағанат Қазақстанның солтүстік-шығыс, орталық аймақтарын алып жатты. Орталығы – Имақия, екінші астанасы – Алакөл жағасындағы Карантия болды. Парсы тарихшысы Гардизи қимақтар құрамында жеті тайпа болғандығын жазған. Олар: эймур, байандур, татар, ланиказ, ажлар, имек, қыпшақ. Ең атақтылары – қимақтар мен қыпшақтар. Қағанат билеушісі – “қаған”. Бұл атақтан екі саты төмен “ябғу” атағы болды. Жеке тайпа көсемдерін “шад-түтік” деп атаған.

10 ғасырдың басында қимақтар тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы Жамлекесті жаулап алды. Қимақтар Енисей бойындағы қырғыздарға да шабуылдап тұрған. Қимақтарға 10 ғасырдың екінші жартысында Қарахан мемлекеті шабуылдай бастады. Қарахандықтардың жорықтары 11 ғасырда жиілей түскен. Осы жорықтардың әсерінен Қимақ қағанаты әлсіреп, ыдырай бастады. Қимақ қағанатының құлауының екі себебі болған. Біріншісі – қыпшақ тайпасы көсемдерінің билік үшін таласуы. Екіншісі – сыртқы қайшылық.

Қимақтарда мал шаруашылығы басым болды. Махмуд Қашғаридің дерегі бойынша, малдан айрылғандар жатаққа айналып, қолөнер мен балық аулауды кәсіп еткен. Қола айнадағы жазулар 9-10 ғасырларда қимақтардың ежелгі түрік жазуымен жазғанын көрсетеді. Қимақ шонжарлары 10 ғасырда ислам дінін қабылдай бастады.



Сұрақтар
  1. Қимақтардың исламды қабылдаған уақыты

  2. Қимақтардың жазу құралы

  3. Қимақтарда жатаққа айналғандардың кәсіптері

  4. Қимақтарда малшаруашылығының басым болғандығын жазған парсы тарихшысы

  5. Қимақ қағанатының құлауының себептері

  6. 10 ғасырдың екінші жартысында қимақтарға шабуылдаған мемлекет

  7. Қимақтар жаулап алған тоғыз-ғұздардың шегаралық қаласы

  8. Қимақтардың саяси өміріндегі беделі күшті топ

  9. Қимақтарда «шад-түтік» лауазымы берілді

  10. Қимақтарда қағаннан екі саты төмен атақты иеленуші

  11. Қимақтар құрамындағы тайпа саны

  12. Қимақ қағанатының өмір сүрген мерзімі

  13. Қимақтардың ішінде қыпшақтар болғандығы туралы жазды

  14. Қимақтардың Моңғолияның солтүстік-батысын мекендеген мерзімі

Қате туралы хабарландыру