Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

6 тарау. Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы

Конспект

Қазақстанда қола дәуірінде еуропеоидтық андрон тайпалары өмір сүрген. Ғалым О.Смағұловтың пікірінше, сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеті андрондықтарға ұқсас болған. Шығыстан келген ғұн тайпаларының жергілікті тайпалармен араласуының нәтижесінде монғолоидтық белгілер дами бастады. Монғолдар түркіленіп, Шыңғыс тұқымдарының өзі түрік тілінде сөйлеп, монғолдық сипаттан ажырады. Монғолдарға дейін жергілікті ру-тайпалардағы пайда бола бастаған монғолоидтық тұрпат күшейе түсті.

13 ғасырдың басындағы монғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу барысын бұзды. Қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдісі 150-200 жылға кешеуілдеді.

Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында Ақ Орда тайпалары басты рөл атқарды. Жетісу жері – үйсіндер өрбіген ежелгі қазақ халқының этносаяси қауымдастық аймағының бірі. 15 ғасырдың 1-жартысында Қазақстанда өмір сүрген хандықтардың этникалық құрамы, тілі, түр-тұрпаты, шаруашылығы, әдет-ғұрпы, салт-санасы ұқсас болған. Олар “92 баулы өзбектер” шежіресі бойынша 92 тайпадан тұрған. Тарихшы Рузбиханның жазуынша, өзбектерге шайбанилер, қазақтар, маңғыттар жатады. Бұл деректен байқалатыны Өзбек хан хандық құрған кездің өзінде қазақтар халық ретінде ерекшелене бастаған.



Сұрақтар
  1. Өзбектерге басты үш халық жататынын жазған тарихшы

  2. Өзбектерге кіретін үш халықтың ержүрегі және ең көбі

  3. Қазақ хандары Әмен мен Сәменді жазалаған билеуші

  4. Қазақстанда өмір сүрген хандықтардың этникалық құрамы ұқсас болған кезең

  5. Үйсіндер деген атау уақытша айтылмай, орнына аталды

  6. Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында басты рөл атқарды

  7. Моңғол шапқыншылығы қазақ халқының қалыптасу үрдісін кешеуілдетті

  8. Қазақ жерінде пайда болған түркіленген жаңа этникалық топтар

  9. Моңғолоидтық белгілер тереңдей түсті

  10. Сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеті қай тайпаға ұқсас?

  11. Қазақ хандығының негізі қаланған жер

  12. Ақ Орда тұрғындарының атауы (-лары)

  13. Ноғай Ордасында мекендеген халықтың атауы (-лары)

Қате туралы хабарландыру