Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

13-15 ғасырлардағы Ноғай Ордасы. Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібір

Конспект

13 ғасырда Қазақстанның солтүстік-батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Аумағы – Еділ мен Жайық өзендерінің аралығы. Орталығы – Сарайшық қаласы. Ноғай – жорықты Батыймен бірге бастап, Алтын Орданың бес ханы тұсында қолбасшы болған адам. Ноғай әскерінің көпшілігі түрік тілдес маңғыт тайпасы болғандықтан “маңғыт елі” деп те аталған. Ноғай Ордасының негізін қалаған – Ноғайдан кейінгі Едіге. Орда Едігенің баласы Нұрад-дин (1426-1440) тұсында өз алдына жеке мемлекет болып, Алтын Ордадан бөлініп шықты. Ноғайлар 15 ғасырдың ортасында Сырдарияның орта ағысына дейін жетіп, бекініс қалаларды жаулап алды.

Орда билігі мұрагерлік жолмен берілді. Ұлысты билеушілер – мырзалар өз жерінде шексіз үстемдік етті. 16 ғасырда Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Халқының кейбір бөліктері Кіші жүзге қосылды.

 

Батыс Сібір жерінде туысқан түрік тілдес тайпалардың бірлестігі болды. Бірлестікте керейіттер басты рөл атқарған. Батыс Сібір Жошы ұлысы құрамына кіріп, Шайбани әулетінің жері саналған. Бірақ елді басқару Тайбұға заманындағы түрік шонжарлары әулетінің қолында болды. Сібір хандығының негізгі жерлері Тобыл, Тура өзендерінің аңғарлары болды. Астанасы – Чимги-Тура (Қызыл-Тура). 1428 жылы Әбілхайыр хан Батыс Сібірге жорыққа аттанады. Ол Махмуд Қожаны жеңіп, Батыс Сібір Әбілхайыр ханның қарамағына өтеді. Шайбани ұрпағы Ибақ хан өз билігін Чимги-Тура, Тобыл, Ертіске жақын жерлерге жүргізеді. Ибақ хан орыс патшасы III Иванмен сауда қарым-қатынасын орнату мақсатындағы достық одақ құруға шарт жасасты. 1495 жылы Мұхаммедтің басшылығымен Чимги-Турада Ибақ хан өлтірілді. Тайбұғалық Мұхаммед билеуші болып жарияланды.

Қазақстан аумағында Шыңғыс әулетінің үш ғасырға жуық билік жүргізуіне қарамастан, қоғамдық қатынастардың өрістеуі, тілдік қатынастың дамуы, шаруашылық салаларының өсуі жергілікті этникалық ортада дамыды. Қазақстандағы феодалдық мемлекеттердің негізгі этникалық құрамы біртұтас ел болып қалыптасқан қазақ халқының негізін құрады.



Сұрақтар
  1. Ноғай Ордасының негізін қалаушы

  2. Нұрад-дин кезіндегі Ноғай Ордасының саясаты

  3. Едіге Тоқтамыспен үздіксіз соғыс жүргізді

  4. Едіге ұрпақтарының келісімінсіз қабылданбады

  5. XV ғасырдың ортасында ноғайлар жаулап алды

  6. Ноғай Ордасындағы ұлысты билеушілер

  7. Ноғай Ордасы ыдырай бастады

  8. XVII ғасырдың басында үлкен Ноғай Ордасының халқы ығысқан аймақ

  9. Ноғай Ордасымен экономикалық, саяси байланыста болған елдер

  10. Батыс Сібір тайпаларына ықпал етті

  11. Батыс Сібірдегі түркітілдес тайпалардың бірлестігінде басты рөл атқарды

  12. Батыс Сібірді басқарушы әулет

  13. Батыс Сібір хандығының астанасы

  14. Батыс Сібірде ноғайлардың қолдауымен билікке келді

  15. Батыс Сібір Әбілқайыр хандығына өтті

  16. Қазақ хандары Жәнібек, Кереймен одақтасқан Шайбани ұрпағы

  17. Сібір хандығының негізгі жерлері

  18. Батыс Сібір хандығымен достық шарт жасасқан ел

  19. Ибақ ханды өлтірді

  20. Шоқан Уәлиханов «екі туысқан Орда» деп атады:

  21. Ноғай Ордасы халқының негізгі құрамы

  22. Батыс Сібір аймағында Торғай, Есіл, Ертіс бойын мекендеді

  23. Алтын Орданың бес ханы тұсында қолбасшы болған адам

  24. Ноғайлар оңтүстік-батысында көшіп-қонып жүрді

  25. Сарайшық қаласы біржола қирады

  26. Сарайшық қаласы Кавказ бен Қырымды байланыстырды

  27. Сарайшықтың гүлденген дәуірі

  28. XIII ғасырда Қазақстанның солтүстік-батысында құрылған хандық

  29. Ноғай Ордасының орталығы

  30. Батыс Сібір хандығының астанасы

Қате туралы хабарландыру