iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Үйсіндер тарихы, орналасқан жері
Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштер Жетісуда шоғырланған. Бұл мәдениет 700 жылдай өмір сүрген. Үйсін мәдениетінің хронологиялық шеңбері б.з.б. III ғасыр – б.з. IV ғасыр аралығын қамтиды.
Қытай жазбаларында б.з.б. II ғасырдан бастап үйсін атауы кездеседі. Үйсіндерді “ат жақты, аққұбаша, сары шашты” деп сипаттаған. Халқы 630 мың адам, әскері 188800 жауынгерден құралған деп жазылған.
Үйсіндердің ордасы – Қызыл-Аңғар (Чигучен) қаласы. Ол Ыстықкөл мен Іле өзенінің аралығында орналасқан. Үйсіндер шығысында Бесбалық, батысында Шу және Талас өзендері, Қаратаумен шектеседі.
Үйсіндер мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген. “Усунго”, “Синго” cөздері көшпелі мемлекет деген ұғымды білдіреді. Басшысы – Гуньмо. Тайпа көсемдері “бек” деп аталады.
Үйсін қоғамында теңсіздік қалыптасты. Соғыс кезінде тұтқынға түскен адамдарды құлға айналдырған. Құлдардың еңбегі үй шаруашылығында пайдаланылған.
Бай үйсіннің 4-5 мың жылқысы болған. Байлар өз жылқыларын өзге жылқылардан айыру үшін таңба салған.
Әр түрлі заттарға салынған таңба-мөрлер жеке меншіктің болғанын дәлелдейді. Жеке меншік малға ғана емес, жер-суға да тараған. Көсемдер: “менің жайылымыма ешкім мал жаймасын” - деп, жеріне басқаны жолатпаған.
Балшық және тас мөрлерді қатардағы адамдар қолданған. Билеушілер мен әскербасыларда, бай адамдарда алтын және мыс мөрлер болған. Мөрмен немесе таңбамен малдарды белгілеген.
Жекеменшіктің шыққаны, мүлік теңсіздігінің болғаны зираттардың көлемінен де байқалады. Үлкен обаларға бай адамдарды бағалы қарулары, ыдыстарымен бірге көмген.
Үйсіндер Қытаймен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қатынасын жасаған. Көршілерімен қандай қатынаста болғандығы туралы мынадай деректерден білеміз: “Алғашқыда олар ғұндарға тәуелді болғанымен, кейін күшейген соң, олардың қол астында болуды қаламады. Шығысында Ғұндармен, солтүстік-батысында Қаңлымен, батысында Дауаниямен, оңтүстігінде әртүрлі тұрақты иеліктермен араласып тұрды”.
-
Б.з.б. III ғасыр мен б.з. IV ғасыр аралығын қамтитын Жетісудағы мәдениет
-
Үйсін атауының қытай жазбаларында кездескен уақыты
-
Үйсіндердің ордасы
-
Үйсіндердің басшысы
-
Үйсіндерде құл еңбегі пайдаланылды
-
Үйсін қоғамында жекеменшік болғанын айғақтайтын белгі
-
Үйсіндер қауымында балшық пен тастан жасалған мөрлерді қолданды
-
Үйсіндерде үлкен обаларға кімдер жерленді?
-
Үйсіндермен тең құқықты дәрежеде қарым-қатынаста болған ел
-
Үйсіндер қоғамында «бек» деп кімдерді атаған?
-
Үйсіндердің басшысы болған кім?
-
Үйсіндердің ордасы
-
Үйсіндер туралы деректер қалдырған ғалымдар кімдер?
-
Үйсіндерде жекеменшіктің қандай түрі тарады?