Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Халықтардың ұлы қоныс аударуы

Конспект

448 жылы Аттиланың сарайында болып қайтқан Прииск оның келбетін сипаттап жазды: “Бір көрген адам оның нағыз азиялық екенін бірден айтады. Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі. Қараған жерін тесіп өтетіндей, көзқарасы сұсты. Қозғалысы шапшаң, сенімді. Дауысы күмістей сыңғырлайды әрі құлаққа жағымды”.

 

Аттиланың замандасы ол туралы естелік қалдырған: “Таңертең үйден шығысымен, есік алдында тұрып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады. Күні бойы әлемнің әр түрлі елдерінен келген елшілерді қабылдады, ал кешке бізбен бірге тамақ ішті. Бәрі күміс ыдыстан ас ішті, ал Аттила ағаш ыдыстан тамақтанды”.

 

Ғұндардың жорықтарда жеңу себептері әскери техникалық басымдылығына байланысты болды. Ғұн әскерінің негізгі құрамы – шапшаң атты әскер. Олар соғыс кезінде қорған бұзғыш машинаны, тас атқыш техниканы қолданды. Жылжымалы, жақсы бекіген қамалдардың үстінде садақшылар тұрып, оқ жаудырған.

 

А.Марцеллин ғұндардың жауынгерлік қасиетіне ерекше тоқталды. “Ертелі-кеш ат үстінен түспейді. Маңызды істер туралы кеңесетін болса, кеңесті де ат үстінде отырып өткізеді. Олар өздеріне төніп тұрған патшаның қатал әмірін сезбейді, ал егер тайпа ақсақалдарының біреуі басшылық жасаса, жолында кездескеннің бәрін жайпап өтеді”.

 

Византия елшісі Прииск ғұндар туралы біраз дерек қалдырған. “Олар соғыстан кейін тыныш әрі қамсыз тіршілік етеді, әркім қолында барымен қанағат етеді”. Келесі бір дерегінде: “әсіресе жақындарын өздерінің мейірімді әрі жылы ілтипатымен және сүйіспеншілігімен бауырына тартады” - деп жазған.

 

Ғұндардың жылжуы басқа да ірі тайпалардың жылжуына әсерін тигізді. Бұл тарихта “Халықтардың ұлы қоныс аударуы” деген оқиғамен белгілі. Ғұндар Қазақстан және Еуразия жерінде өмір сүрген тайпалар мен халықтардың құрамына үлкен өзгерістер әкелді.

 

5 ғасырдың 30-жылдары Аттила (Еділ) Румыния мен Венгриядағы ғұндарды қол астына жинап, Рим империясының аудандары Паннонияны, Мезияны басып алды. Кейін Франция жеріне өтті. Ғұн империясы Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті. Құл иеленушіліктің жойылуына ықпал етті.

 

Аттила әскері 451 жылы Галлиядағы Каталаун даласында римдіктердің, франктердің біріккен күштерімен шайқасты. 453 жылы Аттила қайтыс болғаннан кейін ғұн мемлекеті ыдырап кетті.

 

Аттила туралы еңбектер 6 ғасырдан бастап әлі күнге дейін жазылып келеді. Неміс, француз, итальян тілдерінде туындылар шықты. Италияның атақты композиторы Джузеппе Верди “Аттила” операсын жазды. Қазақ халқы оны Еділ деп атайды.



Сұрақтар
  1. Аттила туралы еңбектер қай кезеңнен бастап жазыла бастады?

  2. Каталаун шайқасы болған жыл

  3. Рим империясына қауіп төндірген билеуші

  4. «Халықтардың ұлы қоныс аударуын» бастаған тайпа

  5. Өзінің деректерінде ғұндарды бейбіт халық ретінде сипаттаған шежіреші

  6. Ғұндардың жауынгерлік қасиетін ерекше сипаттаған

  7. Ғұндардың жаулаушылық жорықтарда жеңу себептері

  8. «Бәрі күміс ыдыстан ас ішті, ал Аттила ағаш ыдыстан тамақтанды» – деп жазған

  9. Аттила (Еділ) туралы құнды дерек қалдырған Византия елшісі

  10. Византия елшісі Прииск қай жылы Аттиланың сарайына барады?

  11. 400-453 жылдарда өмір сүрген ғұн ұлысының әйгілі билеушісі

  12. Ғұндар туралы дерек қалдырған рим тарихшылары

  13. V ғасырдың ортасына қарай ғұндар қайда мекендеді?

  14. V ғасырдың ортасында ғұндар Рим империясының аудандары Паннония мен Мезияны алған соң не істеді?

Қате туралы хабарландыру