iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Ежелгі дәуір адамдарының бет пішіні
Қазақстанды ерте заманнан бастап мекендеген тайпалардың бет пішіні, түр-тұлғасы туралы деректер қола дәуірінен бастап кездеседі.
Одан бұрынғы кездегі адамдардың бас сүйектері сақталмаған.
Қазақстан жерін қола дәуірінде еуропеоидтік нәсілге жататын адамдар мекендеген. Андрондар қыр мұрынды, ат жақты, ақшыл өңді, сарғыш шашты, орта бойлы болған.
Жамбыл облысындағы Ойжайлау қорымынан және Шығыс Қазақстандағы қорымдардан табылған адамдардың бет әлпеттері ұқсас.
Қостанай жеріндегі Алексеев қорымынан табылған адамның бет пішінін антрополог М.Герасимов жасады.
Монғолоидтық белгілер Солтүстік және Шығыс Қазақстан жерін мекендеген сақтарда көбірек байқалады. Ал Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан сақтарында монғолоидтық белгілер аздау кездеседі.
Батыс Қазақстан жерін мекендеген сарматтардың бет пішіні Жетісуға қоныстанған байырғы үйсіндердің түріне ұқсас болып келеді. Жетісу үйсіндерінің бас мүсінін антрополог М.М.Герасимов жасаған. Монғолоидтық белгілер үйсіндердің еркектеріне қарағанда әйелдерінде көбірек кездеседі.
-
Сарматтардың бет пішіні кімге ұқсас?
-
Сақтарда моңғолоидтық белгілер көбірек байқалған аймақ
-
Ойжайлау қорымы орналасқан жер
-
Қола дәуірі тайпаларының нәсілі
-
Жерімізде мекендеген тайпалардың бет пішіні, тұлғасы туралы деректер кездесетін дәуір
-
Белгілі бір аймақта өмір сүрген халықтардың бет пішінін, түрін, түсін, бойын, тісін және т.б. сыртқы келбетін, өзгешелігін және ұқсастықтарын зерттейтін ғылым
-
Қостанай облысындағы Алексеев қорымынан табылған адамның бас сүйегінен оның бет пішінін жасаған антрополог
-
«Андронов мәдениетін» қалдырған тайпалар мекендеді
-
Ерте темір дәуірінде моңғолоидтық белгілер аздау кездесетін аймақтар
-
Жалпы адамзат бөлінетін нәсілдер