iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан
Геродоттың жазбаларында Орталық Қазақстанды аргиппейлер мен исседондар мекендегені айтылған. Қазіргі ғалымдардың анықтауынша, Сарыарқаның солтүстік батысында аргиппейлер, орталығында исседондар, шығысында аримаспылар тұрған.
Көшпелілер қар еріген кезден бастап көктеуге көшкен. Қыстан арықтап шыққан мал оңалуы үшін көктемде асықпай көшкен. Өйткені ақпан мен наурыз айларында мал төлдеп, жылдам жүруге мүмкіндік бермеген.
Малшылар күн ысымай тұрып, жазғы жайылымға тезірек жетуге асыққан. Жазда малды семірту үшін қолайлы жағдай жасау қажет болды. Жазғы тұрақ күн ыстығына байланысты ұзаққа созылды. Жаздағы негізгі мәселе су болып табылған. Мал жаю 6 айдан 9 айға дейін созылған.
Сарыарқаның ерте темір дəуірі ескерткіштері "тасмола мəдениеті" деп аталады.
Алғашқы ескерткіштері табылған жер – Павлодар облысының Екібастұз ауданындағы Тасмола өңірі. Бұл мəдениетті исседон тайпалары қалдырған.
Тасмола мәдениетінің ерекшелігі – “мұртты обалар”. Ол екі жерлеу орнынан тұрады. Обалардың біреуіне адамды, екіншісіне атын жерлеген. Обалардан шығысқа қарай тастан қаланған мұртқа ұқсас екі тас құрылыс тартылған.
“Мұртты обалардың” 4 түрі кездеседі. Біріншісі – үлкендеу обаның шығыс жағынан салынған кішілеу оба. Екіншісі – екі оба оңтүстіктен солтүстікке қарай қатар салынады. Үшіншісі – алдымен үлкен оба салынады, оның үстінен кіші оба тұрғызылады. Төртіншісі – үшіншіге ұқсас, бірақ бұл обалардың ара жігін қазба барысында ғана анықтауға болады.
“Мұртты обалар” бағдаршам рөлін атқарған. Белгілі бұрышпен салынып, оңтүстік, солтүстік, батыс, шығысты көрсеткен.
“Мұртты обалар” Орталық Қазақстаннан басқа Солтүстік, Шығыс Қазақстан және оңтүстік өңірлерден де табылған.
-
«Мұртты қорғандардың» атқарған рөлі
-
«Мұртты обалардың» түрлер саны
-
Тасмола мәдениетінің ерекшелігі
-
Сарыарқа аумағындағы ескерткіштер
-
Жазғы тұрақтың ұзаққа созылу себебі
-
Көктемгі көш қашан басталатын?
-
Орталық Қазақстанның ежелгі тұрғындары
-
Ежелгі заманда Сарыарқаның шығысында кімдер қоныстанған?
-
«Тасмола мәдениеті» Қазақстанның қай аймағынан табылды?
-
Ежелгі заманда Сарыарқаның солтүстік-батысында кімдер қоныстанған?
-
Орталық Қазақстандағы ерте темір дәуірі ескерткіштері қалай аталады?