Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Сөз түрлері: атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер. Сөз таптары: Зат есім, түрлері, зат есімнің түрленуі, сөйлемдегі қызметі

Конспект

Сөз табы лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері ортақ болып келетін сөздер тобы. Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.

 

Сөзді топтастыру принципі үш түрлі болады: 1) лексикалық-семантикалық сипаты; 2) синтаксистік қызметі; 3) морфологиялық белгісі.

 

Сөз таптарының лексика-семантикалық сипаты. Әр сөздің өзіндік ұғымы, мағынасы болады. Мысалы, зат есім заттың атын: адам, мектеп, табиғат; сын есім заттың сынын: жақсы, биік, қара, таза, үлкен; сан есім заттың санын: үш, жеті, елу, мың; етістік істің қимылын: бару, келу, айт білдіреді. Бұл тұжырымдар сөзді лексика-семантикалық жағынан сипаттайды.

 

Сөз таптарының синтаксистік қызметі. Әр сөз табы белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Сөз таптарының сөйлемдегі бұл функциясы синтаксистік қызметі деп аталады.

 

Сөз таптарының морфологиялық белгісі әр сөз табының сөз тудыру тәсілі мен түрленуіне, грамматикалық ерекшелігіне қатысты болады.

 

Қазақ тіліндегі сөздер семантикалық және морфологиялық белгілеріне қарай үш үлкен топқа бөлінеді.

 

Сөз түрлері
Атауыш Көмекші сөздер Одағай сөздер

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Етістік

Үстеу

Еліктеу

Есімдік

Көмекші есім

Көмекші етістік

Шылау

 

 

 

 

Одағай

 

 

 

 

 

 

 

Атауыш сөздер лексикалық та, грамматикалық та мағынасы бар, басқа сөздермен байланыса алатын дербес сөздер.

 

Көмекші сөздер лексикалық мағынасы жоқ, көбінесе грамматикалық қызмет атқаратын жәрдемші сөздер.

 

Одағай сөздер адамның көңіл күйі мен сезімін білдіру үшін қолданылатын сөздер.

 

Зат есім – заттың, құбылыстың атауы болатын, заттың атын білдіретін сөздер. Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?

 

Мысалы, кім?ана, ақын, етікші, жазушы, елші, оқушы, аспаз, кәсіпкер, зейнеткер, арбакеш, ұстаз, ақылгөй, жәрдемші, т.б.

Не? – ауыл, қағаз, жылқы, перде, теледидар, қарындаш, нөсер, нәтиже, өзен, жапырақ, торғай, кітап, дәптер, т.б.

Кімдер? – балалар, спортшылар, жүлдегерлер, әншілер, немерелер, аналар, орманшылар, ақсақалдар, әжелер, оқушылар, т.б.

Нелер? – журналдар, көгершіндер, орындықтар, бүркіттер, жылқылар, көлдер, таулар, дәптерлер, қаламдар, гүлдер, көліктер, т.б.

 

 

 

Туынды зат есімнің жасалуы

Есім сөздерден

 

Етістіктен

 

Еліктеу сөздер

 

Аңшы, жұлдызшы, сынықшы,

әңгімеші, егінші, тергеуші,

адамшылық, аңшылық,

таршылық, молшылық,

суретшілік, күйшілік,

балалық, кішілік,

достық, әділдік,

талапкер, жүлдегер,

дәмхана, еңбекқор,

өнерпаз, әуесқой,

арбакеш, Қазақстан

 

Алым, бөлім

Сүзбе, кеспе

Бұрғы, сүзгі

Айтыс, тартыс

Тарақ, күрек

Сүйеніш, қуаныш

Боран, түйін

Көсеу, бұрау

Үйінді, шайынды

Сорғыш, көргіш

Түйреуіш, сылауыш

 

Тарсыл

гүрсіл

шуыл

дүңкіл

уһіл

арсыл

 

 

Күрделі зат есімнің жасалуы

Бірігу арқылы

Қосарлану арқылы

Тіркесу арқылы

Қысқару арқылы

 

Темірқазық

Түйетабан

Көкшетау

Еңбеккүн

Көрпе-жастық

Жігіт-желең

Ата-ана

Дәрі-дәрмек

Абай даңғылы

Тау сілемі

Алма шырыны

Қамар сұлу

Ұжымшар

БҰҰ

Пединститут

Медбике

 

Зат есім түрленеді, яғни септеледі, көптеледі, жіктеледі, тәуелденеді.

Зат есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі – бастауыш пен толықтауыш, алайда зат есім түрленіп келіп, барлық сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады.

 

Балықшылар теңізге қарай бет алды. Балықшылар – кімдер?бастауыш. Тілекке әкесінің сөзі көп ой салды. Тілекке – кімге? – толықтауыш, әкесінің кімнің?анықтауыш, сөзі – несі? – бастауыш. Елдос Астанадан Алматыға ұшақпен ұшып келді. Астанадан қайдан?пысықтауыш, Алматыға – қайда?пысықтауыш, ұшақпен – немен? – толықтауыш. Адам бойындағы асыл қасиет – адамгершілік.

 

Адамгершілік зат есімі сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап баяндауыш қызметін атқарып тұр. Зат есім жіктеліп келіп те сөйлемнің баяндауышы болады. Мысалы, Бар қазақтың Абайы.

 

Қазақ тілінде жеке тұрғанда толық мағынасы болмайтын, сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайтын, алдындағы есім сөзге көмекшілік қызмет атқаратын сөздер де кездеседі. Ондай сөздер көмекші есімдер деп аталады. Көмекші есімдер зат есіммен ілік септігі арқылы байланысады, яғни зат есім ілік септігінде, көмекші есім тәуелдік жалғауында келеді. Мысалы, қаланың сырты, жердің асты, үстелдің үсті, мектептің алды, дүкеннің қасы, үйдің жаны, ауылдың маңы, ыдыстың тү(п)бі, көшенің арасы, бөлменің іші.

 

Көмекші есімдер зат есім сияқты түрленіп қолданылады. Мысалы, Ауылдың жанында бір қора мал жайылып жүр. Ауылдың жанында – қайда? – пысықтауыш.



Сұрақтар
  1. Қатаң дауыссыздардан басталатын жалқы есімдерді белгілеңіз.

  2. Жалпы есімді анықтаңыз.

  3. Жалқы есімді белгілеңіз.

  4. Деректі зат есімді көрсетіңіз.

  5. Дерексіз зат есімді табыңыз.

  6. Адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын зат атауын көрсетіңіз.

  7. Түбір күйіндегі дерексіз зат есімді көрсетіңіз.

  8. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған жалқы есімді табыңыз.

  9. Негізгі зат есімді анықтаңыз.

  10. Туынды зат есімді белгілеңіз.

  11. Күрделі зат есімді көрсетіңіз.

  12. Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақты көрсетіңіз.

  13. Күрделі зат есімдер қатарын белгілеңіз.

  14. -ыл, -іл жұрнақтары арқылы қай сөз табынан зат есім жасалады.

  15. Туынды зат есімді анықтаңыз.

  16. Туынды зат есім қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  17. Жіктелмейтін есім сөзді көрсетіңіз.

  18. Жіктік жалғауының екінші жағында тұрған зат есімді табыңыз.

  19. Атау септігіндегі тұрған сөзді табыңыз.

  20. Көмекші есімді сөйлемді табыңыз.

  21. Көмекші есім қатысқан сөйлемді табыңыз.

  22. Көмекші есім қатысқан қанатты сөзді табыңыз.

  23. Көмекші есім қатысқан сөйлемді табыңыз.

  24. Көмекші есім қатыспаған сөйлемді белгілеңіз.

  25. Негізі зат есімді анықтаңыз.

  26. Туынды зат есімді табыңыз.

  27. Дара зат есімді көрсетіңіз.

  28. Күрделі зат есімдер қатарын табыңыз.

  29. Атауыш сөзге жататын қатарды көрсетіңіз.

  30. Атауыш сөзге жатпайтын қатарды көрсетіңіз.

  31. Атауыш сөздер қатарын көрсетіңіз.

  32. Жалқы есімді көрсетіңіз.

  33. Жалқы есім қатарын көрсетіңіз.

  34. Дерексіз зат есімді белгілеңіз.

  35. Деректі зат есімді белгілеңіз.

  36. Жұрнақ жалғанған зат есімді анықтаңыз.

  37. Жалпы зат есім қатарын табыңыз.

  38. Көмекші есімді көрсетіңіз.

  39. Толықтауыш қызметіндегі зат есім қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  40. Зат есімнің көптелген түрін табыңыз.

  41. Баяндауыш қызметіндегі зат есімді көрсетіңіз.

  42. Жіктік жалғауын меңгеріп тұрған зат есімді табыңыз.

  43. Бастауыш болып тұрған зат есімді көрсетіңіз.

  44. Тәуелдік жалғауының ІІ жағында тұрған зат есімді көрсетіңіз.

  45. Пысықтауыш қызметіндегі зат есім қатысқан сөйлемді табыңыз.

  46. Анықтауышы күрделі зат есім болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

  47. Бірігу арқылы жасалған күрделі зат есімді көрсетіңіз.

  48. Көмекші есім қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  49. Заттық ұғым атауын белгілеңіз.

  50. Дерексіз, жалпы зат есімнен болған бастауышты анықтаңыз.

  51. Күрделі зат есім (-дер)

  52. Зат есім, үстеуден жасалған тіркесті сөздер қатары

Қате туралы хабарландыру