
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
2-мәтін
Мен туғанда әкем елуді еңсеріп қалған кісі екен. Әжем жарықтық әкемді «балаларымның ішіндегі еті тірісі осы болды» деп отырар еді.
Әкем өз бетінше талпынып жүріп, ескіше сауатын ашып алыпты. Содан өле-өлгенше өз бетінше оқып-тоқыған адам. Ол есеп-қисапты тәуір білетін. Жас күнінде ағаш ұстасы болыпты, етікші де атаныпты. Тәуіпшілдігі де бар екен. Әсіресе зергерлікті жақсы көрген. Біздің елде одан өткен зергер ұста болмаған. Жігіт күнінде қыз-келіншектің көңілін аулау амалымен үйренген зергерлік өнерін әкем қартайғанда да тастамаған. Әкем өз жанынан өлең шығарып, жиын-тойда айтысқа да түсіп жүріпті. Ескі ақын-жыраулардың термелерін, қиссаларын жақсы көріп тыңдайтын. Бірақ жатқа айта алмаушы еді.
Б. Момышұлы
-
Мәтіндегі «еті тірі» тұрақты тіркесінің мағынасын ашатын сөзді табыңыз.
-
Қате тұжырымды көрсетіңіз.
-
Әкем өз жанынан өлең шығарып, жиын-тойда айтысқа түсіп жүріпті
-
Әкем жастайынан аңшылыққа, саятшылыққа қызығып, құмартып жүреді екен
-
Тәуіпшілдігі де бар екен
-