Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

19-мәтін

Конспект

Оспан батыр (Оспан Исламұлы) – ХХ ғ. алғашқы жартысында Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт-азаттық қозғалыстың көсемі, Алтай қазағы. 1899 жылы Алтай аймағының Көктоғай өңірінде туған. 12 жасында қазақ серкелерінің бірі Бөке батырдың қасына келді. Оспан батыр 1940 жылы атқа қонып, 1951 жылға дейін Қытай, КСРО, Моңғол әскерімен 11 жыл соғысқан. Алтайды қытайлардан тазалай бастаған Оспан батыр 1943 жылы мақсатына жеткендей де болып көрінді. 1943 жылы шілдеде Бұлғында жасалған жиында Оспан батыр Алтай қазақтарының ханы болып жарияланды. 1951 ж. сәуірдің 29-ында Үрімжіде өлім жазасына кесілді.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%81%D0%BF%D0%B0%D0%BD_%

D0%B1%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%80#%D3%A8%D0%BC%

D1%96%D1%80%D0%B1%D0%B0%D1%8F%D0%BD%D1%8B



Сұрақтар
  1. Оспан батыр қанша жыл соғысты?

  2. Оспан батыр хан болып тағайындалған жыл

Қате туралы хабарландыру