
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
14-мәтін
Доспамбет жырау (1490-1523 жылдарда өмір сүрген, қазіргі Ресей Федерациясы, Ростов облысы, Азау қаласы, Астрахан маңы) – жырау, қолбасшы, батыр.
Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында әскери жорықтарға қатысқан. Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады. Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады. Доспамбет жыраудың ерлік пен елдікке үндейтін толғаулары Бұқар жырау, Махамбет сияқты өзінен кейінгі ақындарға елеулі әсер етті.
-
Доспамбет жырау қолбасшы болды
-
Доспамбет жырау жырларының тақырыбы