Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

10-мәтін

Конспект

Жер-суды танып қарастыратын қазақ топонимдік фольклорына қатысы бар саланың бірі – аспан денелеріне байланысты атаулар. Ежелгі қазақ халқы жазу-сызу болмаған кезде аспанға қарап, келешекті болжаған, табиғат құбылыстарының реттілігін, сипатын айқындай білген. Аты айтып тұрғандай, бұл сала аспан әлемі мен кеңістік, ғарыш сферасы мен оның халық танымындағы көрінісін қарастырады. Ескеретін бір жайт, космологияның аясына кіретін түсініктер түрлі уақыттың өлшемінен трансформацияланған. Қазақ тумысынан өз өмірін жұлдызға «аманаттайды». Бұл – халық арасында әр адамның өзінің жеке жұлдызы болады, жер бетінде қанша адам болса, сонша жұлдыз бар деп есептегеннен туған дүние. Ел арасындағы «менің жұлдызым», «жұлдызың оңынан тусын» немесе «жұлдызы жанған» деген тіркестер осының айғағы. Егер адамның жұлдызы жарқырап айқын жанса, онда жердегі жұлдыздың иесі бақытты адам деп есептелген. Ал адам өлсе, оның жұлдызы ағып түседі деп есептелген. Мұндай түсініктерді ежелгі анимистік танымнан туындап, қалыптасқан ұғымдар деуге болады. 

http://kazgazeta.kz/?p=4141



Сұрақтар
  1. Егер адамның жұлдызы жарқырап жанса

  2. Халықтың жұлдызға қатысты түсініктерінің бірі

Қате туралы хабарландыру