
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Процентке берілген есептер
Сұрақтар
-
Қанттың бағасы 20%-ға төмендеді. Енді қантты 100 теңгеге бұрынғыға қарағанда неше пайызға көп сатып алуға болатынын анықтаңыз.
-
Үш жәшік жаңғақпен толтырылған. Екінші жәшіктегі жаңғақ бірінші жәшіктегі жаңғаққа қарағанда 10%-ға, ал үшінші жәшіктегіге қарағанда 20% -ға артық. Егер бірінші жәшікте үшінші жәшікке қарағанда 80 жаңғақ артық болса, бірінші жәшікте қанша жаңғақ болғанын табыңыз.
-
Бір бумада 150 дәптер бар. Оның 32%-ы торкөз дәптер. Екінші бумада 210 дәптер бар. Оның 20%-ы торкөз дәптер. Барлық дәптердің неше пайызы торкөз дәптер екенін табыңыз.
-
45 санының 40% және пайда болған санның 40%-ын анықтаңыз.
Қате туралы хабарландыру