
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Мәтіндік тапсырмаларды шешу
-
Ойланған санның оң жағына 9 санын жазып, содан шыққан санға алғашқы санды екі еселеп қоссақ, 225 шығады. Ойланған санды табыңыз.
-
Жанардың және оның жанұясындағы 4 адамның жастарының қосындысы 3 жылдан кейін 154 болады. 6 жылдан кейін олардың жастарының қосындысы қанша болады?
-
Екі таңбалы натурал санның цифрларының көбейтіндісі 15-ке, ал осы цифрларының квадратының қосындысы 34-ке тең. Осы санға цифрларының орнын ауыстырғанда шыққан санның қосындысын табыңыз.
-
3 бүтін оң сан берілген. Үшінші сан біріншіден қанша үлкен болса, бірінші сан екіншіден соншалықты үлкен. Сандардың дұрыс орналасуын көрсет.
-
Алдар көсе бір байдың үйіне жұмысқа жалданады. Бір жыл жұмыс істегені үшін 1 жылқы және 10 000 теңге алуы керек болатын. Бірақ ол 7 айдан кейін жұмыс істегісі келмей, жұмыстан шығып, өзімен 1 жылқы және 2 000 теңге алып кетеді. 1 жылқының құны қанша екенін табыңыз.
-
Әмина 3 жаста, оның әпкесі Назеркенің жасы одан 4 есе үлкен. Назеркенің жасы Әминадан 2 есе үлкен болған кезде Әминаның қанша жасқа толатынын табыңыз.
-
Санжар, Айбол және Cерікте барлығы 150 кітап бар. Санжар Айболға 9, ал Cерікке 24 кітап берсе, онда үшеуінде кітап саны бірдей болады. Cерікте алғашқыда неше кітап болғанын табыңыз.
-
Жүгіруге 31 спортшы қатысты. Арманнан озып келген спортшылар саны одан кеш келген спортшылар санынан 5 есе аз. Арман нешінші орынды иеленгенін табыңыз.
-
Амангелді 110 беттен тұратын кітапты 14 күн оқыды. Ол бірнеше күн күніне кітаптың 5 бетін, ал қалған күндері күніне кітаптың 13 бетін оқыды. Амангелді неше күн күніне кітаптың 5 бетін оқығанын табыңыз.
-
Үсен атаның 6 ұлы бар, олардың әрқайсысының 6 ұлы бар, ал Үсен атаның әрбір немересінің 3 баласы бар. Атаның неше шөбересі бар?
-
Әмір дүйсенбі күні таңертең жүгіруді 1 км-ден бастады. Ол әр күн сайын алдыңғы күнге қарағанда 255 метр артық жүгіріп отырса, онда жексенбі күні неше метр жүгіретінін анықтаңыз.
-
Шешесі 46 жасқа келгенде үлкен қызы 17, ортаншысы 11, кенжесіне 4 жас толды. Қанша уақыттан кейін шешесінің жасы үш қызының жасының қосындысына тең болады?