
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
3-нұсқа
-
Ақпараттың көп бөлігі алынатын адамның ақпарат қабылдау арнасын белгіле.
-
Ақпаратты қабылдау түрлерін көрсет.
-
32 символдық әліпби көмегімен жазылған хабар 80 символдан тұрады. Хабарламаның ақпараттық көлемін анықта.
-
Кітаптың 150 беті компьютерде терілген. Әр бетте 40 жол, әр жолда 60 символ бар. Кітаптағы ақпарат көлемін анықта.
-
Желіні пайдаланушылардың құпия мәліметтерін, логині мен құпиясөздерін ұрлайтын қауіп түрін ата.
-
Компьютерлік әліпбидегі символдар санын белгіле.
-
JavaScript тіліндегі document.write() функциясының сипаттамасын көрсет.
-
«ХАЛЫҚ» сөзін төрт қадамды Цезарь алгоритмін пайдаланып шифрлағанда алынатын шифрды белгіле.
-
Шифрлау және шифрды шешу үшін бөлек кілттер пайдаланылатын шифрлау алгоритмі қалай аталады?
-
257₁₀ санының екілік коды қайсы?
-
Берілген IP-адрес пен масканы пайдаланып, желі адресін анықта.
Тораптың IP-адресі: 130.131.132.120
Маска: 255.255.192.0
-
0110₂ +1010₂ екілік сандардың қосындысын белгіле.
-
Төменде берілген программаға 5 10 20 100 0 сандары берілгенде алынатын нәтижені анықта.
sum = 0
count = 0
while True:
x = int (input ())
if x == 0:
break
if x & 5 == 0 and x >= 10 and x < 100:
sum += x
count += 1
if count == 0:
print ("No")
else:
print (sum/count)
-
Ондық санау жүйесінде берілген 18,5₁₀ санын он алтылық санау жүйесіне ауыстыр.
-
Екілік санау жүйесінде берілген 100,1111001₂ санын он алтылық санау жүйесіне ауыстыр.
-
Азайтуды орында.
145₁₆ – 145₈
-
15 секундта байланыс арнасынан 600 байт ақпарат берілді. Арнаның өткізу қабілеті қандай?
-
Белгілі бір шектеулі уақытқа ғана провайдермен берілетін адресті көрсет.
-
Төменде берілген программаның нәтижесін анықта.
-
Берілген «Salesman» және «Customer» кестелерінен қала аттары cәйкес келетін барлық жазбаны экранға шығаратын сұратудың дұрыс нұсқасын белгіле.
1-кесте. Salesman
2-кесте. Customer