
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
6-нұсқа
⠀⠀⠀Тоқсандық жиынтық бағалауда Айшаға A = [1, 6, 9, 7, 8, 3, 0] массивін сұрыптау алгоритмдерінің бірін пайдаланып сұрыптауға тапсырма берілді. Айшаның жазған программасын талдап, не себепті дұрыс орындалмағанын анықта және дұрыс нұсқасын жазуға көмектес.
1. N = 7;
2. A = [1, 6, 9, 7, 8, 3, 0]
3. for k in range(1, N-1):
4. for i in range(N - k):
5. if A[i] > A[i + 1]:
6. A[i], A[i + 1] = A[i + 1], A[i]
7. print(A)
-
Программадағы шартты оператор орындалған жолды анықта.
-
Программада қолданылған сұрыптау алгоритмін көрсет.
-
Программада жазылған A[i], A[i + 1] = A[i + 1], A[i] жолының мағынасын көрсет.
-
Программа толыққанды жұмыс істеуі үшін 3-жолды қалай жазу керек?
-
Программа орындалған кезде 3-итерациядан кейін қандай нәтиже алынады?