Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

3-нұсқа

Конспект

Сіріңкенің тарихы

Прометей заманынан бастап от табу қиын болды. Ежелгі уақытта от үйкеліс күшімен, содан кейін шақпақ тастан ұшқын тигізу арқылы пайда болған. 1833 жылы неміс химигі Иоганн Каммерер қышқылдандырғыш ретінде калий хлоратын қолданып, фосфор сіріңкелерін өндіруді бастады. Венгр химигі Янош Ирини, дыбыссыз сіріңке ойлап тапты, ол сіріңкедегі калий хлоратын күшті тотықтырғыш – қорғасын (IV) оксидімен алмастырды. Алайда, бұл сіріңке  улы болғандықтан, 1875 жылы оларды қолдануға тыйым салынды. Фосфорлы сіріңкенің орнына шведтік, қауіпсіз сіріңкелер келді. Оларды дайындағанда ақ емес қызыл фосфор қолданылды. Қазіргі сіріңке  қорабының бетіне кристалды қызыл фосфор және майдаланған  шыны,  желім жағылады. Сіріңке басында калий хлораты мен күкірт бар. Сіріңке қораптың бүйір бетіне үйкеліскен кезде фосфор бірінші кезекте тұтанып кетеді, бірақ негізгі реакция күкірттің калий хлоратымен тотығуына байланысты. 



Сұрақтар
  1. Күкірттің калий хлоратымен әрекеттесуі нәтижесінде бөлінетін газ?

  2. Күкірттің калий хлоратымен әрекеттесу реакциясындағы барлық коэффициенттердің қосылысы

  3. Ақ фосфорды қызыл фосфорға алмастырды. Себебі ақ фосфор ... .

  4. Калий хлоратының құрамындағы барлық атомдар саны

  5. Қызыл фосфор туралы қандай тұжырым дұрыс емес?

Қате туралы хабарландыру