Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Органикалық химия. Көмірсутектердің табиғи көздері.

Конспект

Органикалық химия – химияның көміртек және оның басқа элементтермен түзілген органикалық қосылыстарын, олардың өзара түрлену заңдылықтарын зерттейтін саласы.

А.М. Бутлеров теориясының негізгі қағидалары:

1. Органикалық қосылыстардың молекуласын құрайтын атомдар белгілі бір реттілікпен байланысады, бір-бірімен байланысуға бір немесе бірнеше валенттілік жұмсалады.

2. Органикалық заттардың қасиеттері молекуласының құрылысына, яғни атомдардың қосылу реттілігіне және байланыс сипатына тәуелді болады. Сонымен органикалық заттардың қасиетін зерттеу арқылы оның молекула құрылысын анықтап және белгілі формуламен көрсетуге болады.

3. Атомның немесе атомдар топтарының химиялық қасиетіне молекуладағы басқа атомдар мен топтар әсер етеді, әсіресе өзара байланысқан атомдардың әсері үлкен болады.

Органикалық қосылыстардың негізгі кластары:

1. Көмірсутектер (R – H);

2. Галогентуындылар (R – Hal);

3. Спирттер (R – OH);

4. Жай және күрделі эфирлер (R – O – R; R – CO – OR);

5. Карбонильді қосылыстар – альдегидтер мен кетондар (R – CHO; R – CO – R);

6. Карбон қышқылдары (R – COOH);

7. Аминдер (R – NH2; R– NH; R3 – N),

8. Нитроқосылыстар (R – NO2);

9. Сульфоқосылыстар (R – SO3H);

10. Металорганикалық қосылыстар (R–Me).

Осы кластарға қаныққан заттар және еселік байланыстары бар (қанықпаған) заттар кіреді.

 

ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫНЫҢ КЕСТЕСІ

 

 



Сұрақтар
  1. Берілген сызбанұсқадағы \(X_1\) және \(X_6\) қосылыстары:

     

    \(CH_3-CH_2Cl\xrightarrow{NaOH(H_2O)}X_2\xrightarrow{CuO, \ t^\circ}X_3 \xrightarrow{Ag_2O(NH_3)}X_4 \xrightarrow{NaOH}X_5 \xrightarrow{NaOH}X_6 \\ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ | \\ \ \ \ \\ \ \ \ \ \xrightarrow{NaOH(ROH)}X_1\)  

  2. Берілген сызба нұсқадағы: \(CaO\xrightarrow{+C, \ t^\circ}X_1\xrightarrow{+H_2O}X_2 \xrightarrow{+2H_2} X_3 \xrightarrow{+Cl_2(h\nu)} X_4 \xrightarrow{+H_2O(NaOH)}X_5\) белгісіз \(X_5\) заты:

  3. Өзгерістер тізбегіндегі соңғы өнімі \(X_5\)\(CH_3COH\xrightarrow{[O]}X_1\xrightarrow{NaOH \ (еріт.)}X_2\xrightarrow[балқыту]{NaOH}X_3\xrightarrow[-HCl]{Cl_2, \ жарық}X_4\xrightarrow{NaOH}X_5\)

  4. Өзгерістер тізбегіндегі соңғы өнім \(X_5\) – этаналь \(\xrightarrow{H_2, \ кат}X_1\xrightarrow[>140^\circ C]{H_2SO_4(конц.)}X_2\xrightarrow{HBr}X_3\xrightarrow{Na}X_4\xrightarrow{t^\circ , \ AlCl_3}X_5\)

  5. Өзгерістерді жүзеге асыру нәтижесінде түзілетін (органикалық заттың) А өнімінің класы: \(CH_3-CH_3\xrightarrow[-HCl]{Cl_2}X_1\xrightarrow{+H_2O}X_2\xrightarrow{CuO, \ t^\circ}X\xrightarrow{Ag_2O}A\)

  6. Берілген сызбанұсқадағы: \(CaC_2\xrightarrow{+H_2O}X_1\xrightarrow[Hg^{2+}, \ H^+]{+H_2O}X_2\xrightarrow{+[O]}X_3\xrightarrow{+CH_3OH}X_4\)

  7. Реагенттерді қосудың дұрыс реті: \(CH_4\xrightarrow{1}HCOOH\xrightarrow{2} HCOOC_2H_5 \xrightarrow{3}HCOONa \xrightarrow{4} HCOOH\)

  8. Мыс (ІІ) гидроксидімен әрекеттесетін қосылыстардың саны: \( 1) H_2O, \ \ 2) HCl, \ \ 3) CH_3 – COH, \ \ 4) C_2H_2, \ \ 5) HCOOH\)

  9. Циклоалкандардың алкандардан ерекше реакциясы:

  10. Келтірілген заттардың этанол, фенол, глюкоза бәрінің құрамында болатын ортақ функционалдық топ:

  11. Көмірді кокстеу дегеніміз – ол ...

  12. Мұнайды крекинлегенде ...
  13. Мұнайды айдағанда бөлінетін фракциялардың реті ...

  14. Мұнай өңдеудің химиялық емес процесі:

  15. Мұнайдың негізгі құрамы:

  16. Табиғи газдың құрамындағы негізгі көмірсутек:

  17. Жоғары молекулалы қосылыс (-тар)

  18. Көлемі 65 л (қ.ж.) ацетиленнен 35 г бензол алынған. Бензолдың теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымы

  19. 2-метилпентен-1 изомерлерінің атауы

  20. Көлемі 33,6 л ацетиленнен алынған бензолды гидрлеу нәтижесінде 45 мл циклогексан (p = 0,78 \(\frac{г}{мл}\)) алынды. Түзілген өнім шығымы

  21. Этан мен этиленді бір-бірінен қалай ажыратуға болады?

  22. Пропан мен этиленді бір-бірінен қалай ажыратуға болады?

Қате туралы хабарландыру