Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

26-нұсқа

Конспект

Сахель зонасы

Жер шарының көптеген аудандарында жүріп жатқан шөлейттену көбінесе адам әрекетінен болатыны белгілі. Шөлейттенудің апатты сипат алуына табиғи және антропогендік факторлардың ықпал етуі себепші болады. Антропогендік факторлар қатарына жайылымдық малшаруашылығы әсерінен онсыз да сирек өсімдік жамылғысының жұтаңданып, топырақтың тозуы, жерді есепсіз жырту мен ормандар мен бұталардың оталып, өртелуі, жолдар мен құрылыс салу нәтижесінде топырақ жамылғысының бұзылуы жатады. 

Жердің шөлейттенуге ұшырауы халқы жедел өсіп келе жатқан аймақтарда  халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді қиындатады. Сахель зонасында да шөлейттенудің барлық түрлері байқалады. Бұл аймақта ХХ ғасырдың 60-жылдарында басталған қуаңшылық ұзаққа созылды.



Сұрақтар
  1. Сахель зонасы орналасқан материк

  2. Сахель зонасына тән ғаламдық экологиялық проблема

  3. Сахель зонасында ХХ ғасырдың 60-жылдарында басталған қуаңшылықтың шарықтау шегіне жеткен жылы

  4. Сахель зонасы орналасқан табиғат зонасы

  5. Сахель зонасы аумағында орналасқан ел

Қате туралы хабарландыру