
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
23-нұсқа
Ең ылғалды материк
Оңтүстік Америка материгінің аралдарымен қоса есептегендегі ауданы 18,3 млн км². Оңтүстік Америка Солтүстік Америка материгімен бірге Америка дүние бөлігін құрайды. Ал тілдік ерекшелігіне қарай материкті Орталық Америкамен қосып, Латын Америкасы деп те атайды. Материк пішіні солтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуінен оңтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуіне дейін созыла орналасқан үшбұрышқа ұқсайды.Ең енді жері 5° о.е. бойына сәйкес келеді. Материк жағалауларына жақын маңда аралдар аз, тек оңтүстік-батысы мен қиыр оңтүстігінде бірнеше аралдар тобы кездеседі. Аралдардың ең ірісі – Отты Жер аралы.
-
Материкте орналасқан дүниежүзіндегі су жинау алабы ең үлкен өзен
-
Материктің теңіз деңгейінен ең биік нүктесі
-
Ең ірі арал Отты Жер аралынан материкті бөліп тұрған бұғаз
-
Материк жағалауындағы суық ағыс
-
Оңтүстік Америка материгіндегі аумағы бойынша ең үлкен ел