iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Қазақстанның жалпы экономикалық – географиялық сипаттамасы
Қазақстанның жер көлемі 2724,9 мың шаршы шақырым. Қазақстан әлемде жер көлемі бойынша 9-орын алады. Еліміздің аумағы жер бетінің жалпы ауданының 2%-ын, Азияның 6,1%-ын құрайды.
Қазақстан Еуразия материгінің ортасында орналасқан. Шекарасының жалпы ұзындығы 14594 шақырым, оның 13994 шақырымы құрлықпен өтеді. Ал Каспий теңізі арқылы өтетін теңіздік шекараның ұзындығы 600 шақырымды құрайды.
Қазақстан 5 мемлекетпен шекараласады. Батыста, солтүстік батыста және солтүстікте Ресеймен, шығыста Қытаймен, оңтүстікте Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстанмен шектеседі. Қазақстанның Ресеймен ең ұзын шекарасы өтеді. Қазақстанның Ресеймен шекарасының ұзындығы 7591 шақырымды құрайды.
Қазақстанмен ең қысқа шекарасы өтетін мемлекет Түрікменстан. Түрікменстанмен шекарасының ұзындығы 380 (426) шақырымды құрайды.
Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен шекарасының ұзындығы 1460 (1782) шақырым. Қазақстанның Алтай тауынан Хан тәңіріне дейінгі арасы Қытаймен шектесетін шығыс шекарасында.
Қазақстанмен Өзбекстан шекарасының ұзындығы 2300 (2354) шақырым. Қазақстан Өзбекстанмен оңтүстікте шекараласады.
Қазақстанның әуе кеңістігінде 72 халықаралық әуе жолы түйіседі. Елімізде 51 әуежай бар. Оның 13-і халықаралық ұшақтарға қызмет көрсетеді.
Шаруашылықтың дамуына қажетті табиғат байлықтарын табиғат ресурстары деп атайды. Табиғат ресурстары сарқылатын және сарқылмайтын ресурстар болып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын табиғат ресурстарына күн, жел энергиялары, климаттық қорлар, жердің ішкі энергиясы жатады.
Сарқылатын ресурстар екіге бөлінеді: қалпына келетін және қалпына келмейтін ресурстар. Қалпына келетін ресурстарға биологиялық ресурстар, атап айтқанда өсімдіктер мен жануарлар, жер ресурстары, су ресурстары жатады. Қалпына келмейтін ресурстарға минералды ресурстар (көмір, мұнай, газ, металдар) жатады. Қазақстандағы минералдық ресурстардың негізгі ерекшелігі – олардың көбіне жер бетіне жақын және бір-біріне жақын орналасуында. Мұның өзі минералды ресурстарды өндірудің өзіндік құнын арзандатады.
Қазақстанда жер ресурстарының орасан қоры бар. Жер ресурстарына ауыл шаруашылығына жарамды жерлер, жайылымдар, шабындықтар, т.б. жатады. Қазақстандағы жалпы жер қорының көлемі 270,1 млн га-ды құрайды.
Жер ресурстарына ауыл шаруашылығына жарамды жерлер, жайылымдар, шабындықтар, т.б. жатады. Қазақстан жыртылған жер көлемі жөнінен жер шарында алтыншы орын алады. Қазақстандағы жыртылған жер қорының мөлшері 36 млн га. Қазақстанның әрбір тұрғынына 15 га ауыл шаруашылығы жерінен және 2 га жыртылған жерден келеді.
Қазақстан су ресурстарына онша бай емес және олар еліміздің аумағына біркелкі таралмаған. Қазақстандағы судың басым бөлігі егістік суаруға, өндірістік т.б. мақсаттарға қолданылады. Еліміздегі су ресурстарының жалпы мөлшері 115,3 млрд текше метрді құрайды. Қазақстан басқа елдермен салыстырғанда, орман ресурстарына өте тапшы. Қазақстан жерінің тек 13 млн га жерін ормандар алып жатыр. Қазақстанның бүкіл аумағының 4 пайызы ормандар үлесіне тиеді. Қазақстандағы ормандардың басым бөлігін сексеуіл ағаштары құрайды.
Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы халық санағы 1999 жылы болды. 1999 жылғы санақтың қорытындысы бойынша Қазақстанның халқының саны 14 млн 953 мың адам болды. Қазақстан халқының тығыздығы басқа елдермен салыстырғанда өте төмен. Оны Қазақстан аумағының үлкендігімен және халық санының аздығымен түсіндіруге болады.
Қазақстанда халық біркелкі қоныстанбаған. Қазақстанның орташа тығыздығы бір шаршы шақырымға 5,6 адамнан келеді.
Дүниежүзі бойынша халықтың орналасуына тарихи, табиғи, экономикалық жағдайлар әсер етеді. Адамдар көбінесе табиғаты қолайлы өзендердің бойын, өнеркәсіп дамыған аудандарда қоныстанады. Қазақстан көпұлысты (негізгі ұлт қазақтар, өзге ұлт өкілдері белгілі бір ұлттың Қазақстандағы өкілдері, яғни ұлыстар) мемлекеттердің бірі болып саналады. Сан жөнінен республикадағы негізгі ұлт қазақтардан соңғы екінші орынды орыс диаспорасы алады. Халықтың басқа елдерде тұратын бөлігін диаспора деп атайды. Мысалы, Қазақстандағы орыс, түрік диаспоралары. Қазақ диаспорасы көп ел Өзбекстан, онда 1 млн 556 мың қазақ тұрады.
-
Қазақстанның жер көлемі.
-
Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығын табыңыз.
-
Республикамызбен шектесетін мемлекеттерді анықтаңыз.
-
Қазақстанмен ең ұзын құрлықтық шекарасы өтетін мемлекетті көрсетіңіз.
-
Қазақстанмен ең ұзын шекарасы өтетін мемлекетті табыңыз.
-
Қазақстанмен ең қысқа шекарасы өтетін мемлекетті табыңыз.
-
Қазақстанмен шығыста шекараласатын мемлекетті табыңыз.
-
Қазақстанмен оңтүстікте шекараласатын мемлекетті табыңыз.
-
Қазақстанмен өтетін Өзбекстан шекарасының ұзындығы.
-
Қазақстан орман ресурстарының басым бөлігін ... құрайды.
-
Сарқылмайтын табиғат ресурстары.
-
Сарқылатын, қалпына келетін табиғат ресурстарын белгілеңіз.
-
Еліміздегі минералды ресурстардың орналасу ерекшелігін ажыратыңыз..
-
Қазақстан жер ресурстарының қоры (га):
-
1997 жылғы еліміздегі облыстар саны.
-
Республикамыздың әр тұрғынына тиетін ауылшаруашылық жерінің мөлшері.
-
Еліміздегі ішкі су ресурстарының жалпы мөлшері (м³):
-
Сарқылатын, қалпына келмейтін ресурстарды табыңыз.
-
1999 жылғы санақ бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны.
-
Республика аумағындағы халықтың орташа тығыздығын табыңыз.
-
Халықтың орналасуына әсер ететін факторлар қатарын көрсетіңіз.
-
Республикамыз бойынша халық сирек қоныстанған аудандарды көрсетіңіз.
-
Елімізде тұратын диаспоралардың санын табыңыз.
-
Белгілі бір халықтың басқа бір елдегі бөлігі.
-
Каспий теңізі арқылы өтетін шекараның ұзындығын (км) табыңыз.
-
Өнеркәсібі дамыған үлкен облыс орталықтарын көрсетіңіз.
-
Экономика географиясына қатысы жоқ түсініктерді көрсетіңіз.
-
Басқа мемлекеттермен шекарасы жоқ облыстар
-
Қазақстанмен шегаралас Ресей облыстары
-
Дұрыс берілген нұсқа (-лар)
-
Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайының қолайсыздығы
-
Халқының орташа тығыздығы төмен облыс (-тар)
-
Өнеркәсібі дамыған үлкен облыс орталықтары
-
Экономикалық географияғаа қатысты түсінік (-тер)
-
Басқа мемлекеттермен шегарасы жоқ облыстардың орталықтары
-
Қазақстан мен Ресей шегарасында орналасқан
-
Қазақстан облыстары мен қалаларының қате сәйкестігі
-
Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлы факторлары