iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Қазақстанның экономикалық аудандары
Қазақстан аумағы шаруашылыққа мамандануына қарай бес экономикалық ауданға бөлінген. Экономикалық аудан дегеніміз – бір-бірінен шаруашылыққа мамандануы және дамуы жөнінен айырмашылық жасайтын елдің бір бөлігі.
Орыс ғалымы Н.Н. Баранский Қазақстанды бес экономикалық ауданға бөлген, олар: Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан экономикалық аудандары.
Батыс Қазақстан Қазақстандағы жер көлемі жөнінен бірінші орын алатын экономикалық аудан. Аудан құрамына Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары кіреді.
Батыс Қазақстан экономикалық ауданына кіретін облыстар мамандануы жөнінен ерекшеленеді. Маңғыстау мен Атырау облыстары мұнай, газ, балық өнеркәсібіне, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары хром, никель, минералды тыңайтқыштар өндіруге маманданған. Ақтөбе облысында орналасқан Мұғалжар тауында Қазақстандағы хром мен никельдің 99%-ы шоғырланған. Қазақстан хромның қоры жөнінен Оңтүстік Африка Республикасынан кейінгі екінші орынды алады.
Қазақстандағы негізгі қара металлургия орталықтары ретінде Ақтөбе мен Ақсу қалалары саналады. Ақтөбе мен Ақсуда сапалы ферроқорытпа өндіріледі.
Орталық Қазақстан экономикалық ауданында 100% кокстелетін көмір, шойын, болат марганец кені өндіріледі. Себебі осы кендердің қорлары өте мол.
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы Қазақстанның басты суармалы егіншілікті ауданы. Мұнда үнемі суаруды қажет ететін техникалық дақылдардан мақта, қант қызылшасы, күріш, дәнді дақылдар өсіріледі.
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы Қазақстан бойынша бірден-бір мақта өсіретін аудан. Мақтадан жеңіл өнеркәсібіне қажетті талшықтан басқа, шитті мақта майы алынады.
Шығыс Қазақстан еліміздің түсті металлургия мен арзан су электр энергиясын өндіретін ауданы. Шығыс Қазақстанда Қазақстандағы ірі СЭС-тар мен түсті металдың мол қоры бар. Шығыс Қазақстан Қазақстанның орман шаруашылығы бойынша жетекші ауданы. Қазақстандағы орманның 40 пайызы Шығыс Қазақстанға тиесілі. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан Қазақстанның негізгі алтын өндіретін ауданы. Қазақстандағы алтын кен орындарының 62-сі осы ауданда шоғырланған. Шығыс Қазақстанда жыл сайын 887 кг алтын өндіріледі.
Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы Қазақстанның басты астық шаруашылығы дамыған ауданы. Мұнда егістік жердің 78%-ына жаздық бидай егіледі.
Қазақстандағы әкімшілік аумақтық бөлінудің ең жоғарғы сатысы – облыс. Қазақстандағы облыстар саны – 14. Ауданы жөнінен ең үлкен облыс Қарағанды облысы.
Қазақстанның облыстары
Қазақстанның экономикалық аудандары
-
Қазақстандағы экономикалық аудандардың саны.
-
Қазақстан аумағын экономикалық аудандарға топтастырған ғалымды көрсетіңіз.
-
Жерінің көлемі жөнінен ең үлкен экономикалық ауданды табыңыз.
-
Марганецтің, шойын мен болаттың, кокстелетін көмірдің 100%-ы өндірілетін экономикалық аудан.
-
Павлодар алюминий зауыты ... бокситін пайдаланады.
-
Еліміздің қара металлургия орталықтары.
-
Қара металлургия өнеркәсібін орналастыруда ескеретін негізгі факторлар:
-
Мұнай, газ, балық өндіруге маманданған облыстар.
-
Ең алғаш пайда болған мұнай кәсіпшіліктері.
-
Қазақстандағы хром мен никель өндіруге маманданған облыстарды табыңыз.
-
Газ өңдеу зауыттары орналасқан қалалар.
-
Еліміздің техникалық дақыл өсіретін басты суармалы егіншілік ауданы.
-
Шымкент мұнай өңдеу зауыты шикі мұнай алатын құбырды атаңыз.
-
Еліміздегі мақта өсіретін экономикалық аудан.
-
Оңтүстік Қазақстанда өсірілетін аса маңызды техникалық дақылдар.
-
Жібек құртын өсіретін ауданды белгілеңіз.
-
Оңтүстік Қазақстан экономикалық аумағы арқылы өтетін газ құбыры:
-
Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының маманданған салалары.
-
Қазақстандағы орманның 40%-ы шоғырланған экономикалық аудан.
-
Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының басты жеңіл өнеркәсіп орталығы.
-
Республикамыздың негізгі алтын өндіретін ауданын табыңыз.
-
Титан-магний зауыты бар қаланы табыңыз.
-
Солтүстік Қазақстанның ауылшаруашылығының маманданған саласы.
-
Жаздық бидай өсірілетін аудан.
-
Қазақстан аумағындағы облыстар саны.
-
Машина жасау өндірістері дамыған облыстар
-
Қазақстанның ірі агломерациясы және миллион халқы бар қаласы қай экономикалық аудандарда орналасқан?
-
Қазақстанның экономикалық аудандары мен экономика салалары дұрыс берілген нұсқа (-лар)
-
Дұрыс берілген мәлімет (-тер)
-
Қазақстанның экономикалық аудандары туралы мәлімет (-тер)
-
Химия өндірістері дамыған облыс (-тар)
-
Қазақстанның ірі агломерациясы және миллион халқы бар қаласы орналасқан аймақтары
-
Үлкен өзен бойындағы қала (-лар)