iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Табиғатты қорғау және табиғат қорларын тиімді пайдалану
Қазақстанда қазіргі уақытта нақты 10 қорық жұмыс істейді. Олар: Ақсу-Жабағылы, Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Қорғалжын, Марқакөл, Үстірт, Батыс Алтай, Алакөл, Қаратау қорықтары. Қорықтардың басты мақсаты –өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау.
Ақсу Жабағылы қорығы – еліміздегі 1926 жылы ұйымдастырылған ең алғашқы қорық. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Талас Алатауы мен Өгем жоталарының арасында орналасқан. Қорықта ақ тырнақты аю, елік, қарақұйрық т.б. жануарлар қорғалады.
Үстірт қорығы – еліміздегі ең жас қорықтардың бірі. Қорық 1984 жылы Маңғыстау облысында ұйымдастырылған. Қорықта сүтқоректілердің 227 түрі, құстың 11 түрі, өсімдіктің 261 түрі кездеседі.
Алакөл қорығы 1998 жылы ұйымдастырылған. Қорық Алматы облысының Алакөл ауданында орналасқан. Қорықты ұйымдастырудың негізгі мақсаты – Алакөл жүйесіне енетін су құстарын қорғау. Алакөл қорығында құстардың 247 түрі бар, олардың 12 түрі "Қызыл кітапқа" енген.
Қорғалжын қорығы Ақмола облысының аумағында орналасқан. Қорықтың аумағындағы көлдерде қызғылт қоқиқаз сияқты құстар ұя салып, балапан шығарады. Бұл көлдерге құстар көктемде өте көп жиналатындықтан, ЮНЕСКО-ның тізіміне ерекше қорғалатын батпақты шөлді аймақ ретінде енгізілген.
Наурызым қорығы 1934 жылы ұйымдастырылған. Қорық 191,4 мың гектар жерді алып жатыр. Қорық Қостанай облысының Наурызым ауданында орналасқан.
Марқакөл қорығы 1976 жылы құрылған. Қорықтың жалпы ауданы 75 мың гектар, оның 44 мыңын көл айдыны құрайды. Марқакөл қорығы Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан.
Алматы қорығы 1964 жылы ұйымдастырылған. Қорық мәңгі қар мен мұз жамылған, ағашқа бай Іле Алатауында орналасқан.
Батыс Алтай қорығы 1992 жылы құрылған. Қорық Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданында орналасқан.
Қаратау қорығы 2004 жылы құрылды. Қорық аймақтың эндемикалық өсімдіктерін сақтау үшін ұйымдастырылған. Қаратау жотасы жерортатеңіздік өсімдіктердің таралуы жөнінен қорықтар арсында алдыңғы орынды алады.
Қазақстанда бес ұлттық парк ұйымдастырылған. Ұлттық парктердің қорықтардан айырмашылығы туристер мен тынығушылардың табиғатқа зиян келтірмейтін жағдайда кіріп, тынығуына рұқсат етіледі.
Үстірт қорығы
Марқакөл қорығы
Батыс Алтай қорығы
Алматы қорығы
Ақбөкен
Қар барысы
Үстірт қорығындағы қарақал
Таутеке
Үстірт жабайы қойы – Муфлон
Қызғылт қоқиқаз
-
Қазақстанда ұйымдастырылған қорықтар саны.
-
Қазақстанда ең алғаш ұйымдастырылған қорықты атаңыз.
-
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы қорықты табыңыз.
-
Талас Алатауы мен Өгем жоталарының аралығында орналасқан қорық.
-
Ақсу Жабағылы қорығының жануары.
-
1984 жылы ұйымдастырылған қорық.
-
Үстірт қорығында қорғалатын жануар
-
Үстірт қорығы орналасқан облыс.
-
Алакөл қорығын ұйымдастырудың негізгі мақсаты:
-
Дала зонасындағы қорықты табыңыз.
-
Қорғалжын қорығындағы көл.
-
Қорғалжын қорығын мекендейтін құстар.
-
ЮНЕСКО-ның ерекше тізіміне батпақты-шөлді ландшафт ретінде кірген қорықты табыңыз.
-
"Әнші тау" деп аталатын Аққұм-Қалқан құм төбесі орналасқан өзен аңғары.
-
Қостанай облысындағы қорықты табыңыз.
-
"Малиус боката" жабайы алмасы өсетін қорықты табыңыз.
-
Сор топырақта қарағай өсетін қорық.
-
Шығыс аймақта орналасқан қорық.
-
Марқакөл қорығының эндемик балығы.
-
Алматы қорығы орналасқан тауды табыңыз.
-
Марқакөл қорығының дәрілік өсімдіктері.
-
Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1447 м биіктіктегі Азутау жотасы аралығындағы қорық.
-
Қазақстанда ерекше қайталанбас, болашақта табиғат ескерткіштері қатарына қосылатын нысандар саны.
-
Қазақстандағы ұлттық парктер саны.
-
Еліміздегі ең алғаш ұйымдастырылған ұлттық парк.
-
Орманды алқап көрсеткіші өте жоғары және ең төмен облыс (-тар)
-
Қорықтары мен қорғалатын нысандары және облыстары дұрыс берілген нұсқа (-лар)
-
Қазақстанға тән экологиялық мәселе (-лер)
-
Қате мәлімет (-тер)
-
Қорықтардың дұрыс ерекшеліктері
-
Қазақстанға тән экологиялық мәселе (-лер)
-
Қазақстандағы экологиялық проблемалар