iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Қазақстанның физикалық географиялық сипаттамасы
Қазақстан Республикасы алғаш рет 1920 жылы 26 тамызда Қазақ АССР-і болып құрылды. КСРО құрамына Одақтас Республикалардың бірі болып 1936 жылы 5 желтоқсанда кірді. 1991 жылы 16 желтоқсаннан бастап, Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болды. Қазақстан Еуразия орталығында орналасқан мемлекет. Қазақстан екі дүние бөлігін қамтиды. Қазақстанның 15%-ы шартты түрде Еуропа шегінде. Қазақстанның екі облысының (Атырау, Батыс Қазақстан) тұрғындарының күнделікті Еуропа мен Азияға саяхат жасау мүмкіндіктері бар.
Республиканың географиялық орны оның табиғат жағдайларын анықтайды. Сол себепті Қазақстан аумағы табиғатының бір шетінің екінші шетінен үлкен айырмашылығы бар. Оңтүстікте алма ағаштары гүлдеп жатқанда, солтүстік аймақтарда әлі суық, қарлы боран соғып жатады.
Қазақстан ауданы жөнінен дүниежүзінде Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан, Аргентинадан кейінгі тоғызыншы орынды алады. Жер көлемі 2 млн 724 мың км2.
Ал Еуразия материгінде жер көлемі жөнінен Ресей, Қытай, Үндістаннан кейінгі төртінші орынды алады. Қазақстан 5 мемлекетпен шекараласады. Батыста, солтүстік батыста және солтүстікте Ресеймен, шығыста Қытаймен, оңтүстікте Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстанмен шектеседі.
Қазақстанның Ресеймен шекарасының ұзындығы 7591 шақырымды құрайды. Қазақстанмен ең қысқа шекарасы өтетін мемлекет Түрікменстан. Түрікменстанмен шекарасының ұзындығы 380 (426) шақырымды құрайды. Қазақстан Франциядан 5 есе, Италиядан 9 есе, Ұлыбританиядан 11 есе үлкен. Қазақстан жері төртінші, бесінші сағаттық белдеулерде орналасқан. Батыс Қазақстан облыстары төртінші сағаттық белдеуде, ал басқа облыстар бесінші сағаттық белдеуде орналасқан.
Қазақстан 1991 жылғы 21 желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына, 1992 жылдың 2 наурызында Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамына кірді. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Әкімшілік аумақтық жағынан Қазақстан 14 облысқа, 160 ауданға бөлінеді. Қазақстанда 85 қала, 200 қала типті кент бар. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1995 жылғы 15 қыркүйектегі жарлығына дейін Қазақстанның астанасы Алматы болды. 1997 жылы Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола атауы Астана өзгертілді.
Қазақстан
Тәуелсіздік монументі
Ақорда
Байқоңыр ғарыш айлағы
-
Қазақстан орналасқан материкті табыңыз.
-
Қазақстанның екі дүние бөліктерінде орналасқан облыстарын көрсетіңіз.
-
Қазақстан БҰҰ-на қабылданған жылды белгілеңіз.
-
Қазақстанның жер көлемі жөнінен Еуразияда нешінші орынға ие екендігін көрсетіңіз.
-
Қазақстанның жер көлемі:
-
Қазақстанның жер көлемі жөнінен ТМД-да нешінші орын алатынын табыңыз.
-
Қазақстанмен шекараласатын мемлекеттерді анықтаңыз.
-
Қазақстанмен ең ұзын шекарасы өтетін мемлекет.
-
Қазақстанмен ең қысқа шекарасы өтетін мемлекет.
-
Қазақстанмен шығыста шекараласатын мемлекет.
-
Қазақстанмен оңтүстікте шекараласатын мемлекет.
-
Қазақстанмен өтетін Өзбекстан шекарасының ұзындығы.
-
Физикалық география Қазақстан Республикасының ... анықтайды.
-
Теңізге шыға алатын жолы бар, Қазақстанмен шектесетін мемлекеттерді табыңыз.
-
Қазақстан мен Қытай арасындағы шекараның ұзындығын табыңыз.
-
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекараның ұзындығы.
-
Республикамыздың солтүстік және оңтүстік шеткі нүктелерінің координатасын табыңыз.
-
Еуропа мен Азияға күнде саяхат жасауға болатын Қазақстан қалалары.
-
Қазақстанның солтүстік шекарасы ... арқылы өтеді.
-
Республикамыздың батыс және шығыс шеткі нүктелерінің координатасын табыңыз.
-
Еліміздің солтүстіктен оңтүстікке қанша шақырымға созылып жатқанын белгілеңіз.
-
Қазақстанның батыстан шығысқа дейінгі ұзындығын анықтаңыз.
-
Қазақстанның жері арқылы өтетін сағаттық белдеулер:
-
Бір сағаттық белдеудің ішіндегі уақыт.
-
Әрбір белдеудегі уақыт көршілес белдеуден ... айырмашылық жасайды.
-
Жер көлемі бойынша Қазақстанның алдында тұрған мемлекет (-тер)
-
Қазақстанның физикалық-географиялық жағдайы
-
Жер көлемі бойынша Қазақстанның алдында тұрған мемлекет (-тер)
-
Тек Қазақстанның физикалық-географиялық нысандары
-
Қазақстанмен ең ұзақ шегаралас мемлекеттер
-
Дұрыс сипаттама
-
Қазақстан нысандарының дұрыс орындары