Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Еуропа елдері

Конспект

Еуропа – Ескі дүние бөлігі. Еуропа Еуразияның батысын алып жатыр. Жер көлемі аралдармен қоса есептегенде 10 млн шаршы шақырымды құрайды.

Еуропаның ең биік нүктесі – Альпі тауындағы биіктігі 4807 м болатын Монблан шыңы. Батыс Еуропада халқының саны жөнінен бірінші орындағы ел – Германия. Германия халқының саны 82,6 млн адам.

Германияда ең ірі көмір кен орны Рур алабы орналасқан. Рур алабына бағдарланып, қара металлургия дамыған.

Германия химия өнеркәсібінің дамуы жөнінен дүниежүзінде бірінші орын алады. Химия өнеркәсібінің өте жоғары деңгейде дамуына қарай Германияны "химиялық держава" деп атайды.

Жер шарындағы ең көне монархия – Ұлыбритания. Ұлыбританияны королева басқарады. Ұлыбританияның солтүстік батысы мен солтүстігін таулы аудандар алып жатыр.

Ұлыбританияның ең биік нүктесі Бен-Невис тауы, оның биіктігі 1343 м. Ұлыбритания бокс, футбол, регби, крикет ойындарының шыққан жері болып саналады. Ұлыбритания халқы спортты ерекше жақсы көреді. Мұнда 2012 жылы үшінші рет жазғы олимпиада ойындары өтті.

Табиғатты қорғау туралы ең алғашқы заң 1273 жылы Ұлыбританияда шықты. Сол кездегі мемлекетті басқарушы корольдердің бірі қоршаған ортаны ластамау үшін көмір жағуға тыйым салған.

Франция халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі. Парижде БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі арнайы ұйымының штаб пәтері орналасқан. Франция Одағының құрамына бес шалғай департамент пен Тынық мұхитындағы алыс аумақтар кіреді. Оңтүстік Америкадағы Гвиана елі Франция Одағының құрамына бес шалғай деапртаменттің бірі ретінде кіреді.

Қазіргі кезде Франция мемлекеті халықаралық туризм орталығы болып саналады. Франция жылына 75 млн турист қабылдайды. Мамандардың есептеуі бойынша, әрбір французға бір туристен келеді. Франциядағы ең ұзын өзені – Луара өзені. Луара өзенінің ұзындығы – 1012 шақырым.

Италия оңтүстік Еуропада орналасқан. Мемлекет парламенттік республика болғандықтан, елді президент тағайындаған премьер-министр басқарады. Италияның ауылшаруашылығында өсімдік шаруашылығы басым дамыған. Италиядағы дәстүрлі шаруашылық саласы жүзім өсіру болып саналады. Италия жүзім жинаудан үнемі Франциямен бәсекелеседі.

Италия жылына 61 млн литр шарап өндіреді.

Оңтүстік Еуропадағы ең ірі ел – Испания. Испанияның жер көлемі 504 мың шаршы шақырым. Астанасы – Мадрид қаласы. Испанияның мемлекеттік құрылымы – парламенттік монархия.

Солтүстік Еуропа елдеріне Норвегия, Швеция, Финлядия, Исландия, Дания жатады. Солтүстік Еуропа елдері түбектер мен аралдарда орналасқан. Солтүстік Еуропа елдері Еуропа жерінің 17 пайызын иеленеді.

Нидерланд – орта Еуропадағы ерекше көзге түсетін ел. Себебі жерінің шағын болуына қарамастан, Еуропадағы саяси жағдайларды шешуде өзіндік орны бар, НАТО-ның және басқа да халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі болып саналады.

Жүк айналымы жөнінен бірінші орын алатын Роттердам порты Нидерландыда. Роттердам порты арқылы жылына 310 млн т жүк тасымалданады.

Люксембург жан басына шаққанда жылына 10 т болат өндіреді. Сондықтан Люксембургты "болат герцогтігі" деп атайды.

Еуропадағы бейтарап елдерге Аустрия мен Швейцария жатады. Бейтарап елдер басқа елдердің ішкі және сыртқы саясатына қатысты мәселелерге ешқашан араласпайды. Шығыс Еуропада теміржол көлігі жетекші көлік саналады. Теміржолдың жүк айналымындағы үлесі өте жоғары, теміржолмен негізінен металл мен темір кендері тасымалданады.

Шығыс Еуропадағы Кох-и-нор қарындашын Чехия елі шығарады. Чехия сонымен қатар көркемдік шыны мен әшекей заттар шығарудан көзге түседі.

Венгрия машина жасау өнеркәсібіне: Икарус автобусын шығару, электротехникалық, есептеуіш машина жасауға маманданған.

 

       

Германия                                               

                                                                                 

Италия

Ұлыбритания

        

Париж                                                                                                                                     



Сұрақтар
  1. Еуропаның жер көлемі.

  2. Еуропаның ең биік нүктесі.

  3. Еуропадағы халқы саны жөнінен көзге түсетін ел.

  4. Германиядағы ірі көмір кен орны.

  5. Еуропаның "химиялық держава" деп аталатын елі:

  6. Жер шарындағы ең көне конституциялық монархиялы ел.

  7. Ұлыбританияның ең биік нүктесі.

  8. Футбол, гольф, регби, крикет ойындарының Отаны.

  9. 1273 жылы табиғатты қорғау туралы заң шыққан ел

  10. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері орналасқан қала.

  11. Франция Одағының құрамына енетін ел.

  12. Туристерді қабылдаудан бірінші орын алатын Еуропа мемлекеті.

  13. Луара өзені ... территориясынан ағып өтеді.

  14. Италияның мемлекеттік құрылымы.

  15. Италияға тән дәстүрлі шаруашылық саласы.

  16. Шарап өндіруден алғашқы орындағы ел.

  17. Оңтүстік Еуропадағы ауданы жөнінен ең ірі ел.

  18. Солтүстік Еуропа елдері.

  19. Орта Еуропаның ерекше көзге түсетін елі.

  20. Дүниежүзіндегі ең ірі порт.

  21. "Болат герцогтігі" деп аталатын ел.

  22. Еуропадағы бейтарап елдер.

  23. Шығыс Еуропадағы жетекші көлік.

  24. Шығыс Еуропадағы Кох-и-нор қарындашын шығаратын ел.

  25. Икарус автобусын шығаратын ел.

  26. Батыс Еуропаның дамыған шағын мемлекеттері

  27. Еуропадағы дамыған, роман тілдес , «G7» құрамына кіретін мемлекеттерді көрсетіңіз.

  28. Шығыс Еуропа мемлекеті (-тері)

  29. Еуропа елдерінде таралған тілдер топтары

  30. Батыс Еуропаның дамыған шағын мемлекеттері

  31. Еуропадағы дамыған, герман тілдес, «G7» құрамына кіретін  мемлекеттер

  32. Шығыс Еуропа мемлекеттерінің астаналары

  33. Еуропа мемлекеттерінің дұрыс топтамасы

  34. Шығыс Еуропадағы католик діні және славян тілі тараған елдер

Қате туралы хабарландыру