Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Толық тізбек үшін Ом заңы

Конспект

Энергияның сақталу заңының көмегімен ток күшінің э.қ.к. пен кедергіге тәуелділігін қарастырайық.

(Ток көзі)

бөгде күштер әсерінен потенциалдар айырымын тудыратын құрылғы

 

Бөгде күштер

Тізбектегі ток тұрақты болу үшін, ток көзінде оң және теріс зарядтарды бөлу қажет. Зарядтарды үнемі бөлу үшін Кулондық күштердің шамасы жетпейтіндіктен (тегі Кулондық емес) оң және теріс зарядтарды бөліп отыратын бөгде күштер қажет

Электр қозғаушы күш (ЭҚК)

(Ток көзінің энергетикалық сипаттамасы)

 ток көзінің ЭҚК-і

 

 ток көзінің ішкі кедергісі

 сыртқы тізбектің кедергісі

(энергияның сақталу заңы)

 

контур бойымен бірлік оң зарядты тасымалдайтын бөгде күштердің жұмысына тең физикалық шама

толық тізбекке арнал-ған Ом заңы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Сұрақтар
  1. Шамды ЭҚК-і 1,5 В-қа, ток күші 0,2 А-ге тең болатын ток көзімен қоректендірді. Элемент ішіндегі 1 минуттағы бөгде күштің жұмысы

  2. ЭҚК-і \(\varepsilon=2\) В және ішкі кедергісі \(r=0,5\) Ом, ток көзінің қысқаша тұйықталу тогы

  3. ЭҚК-і \(12\) В және ішкі кедергісі \(1\) Ом ток көзіне кедергісі \(5\) Ом-ға тең өткізгіш қосылған. Тізбектегі ток күші және ток көзінің қысқыштарындағы кернеу

  4. Кедергісі \(R\) жүктеме қосылған, ішкі кедергісі \(r\)  ток көзінің ПӘК-і

  5. ЭҚК-і \(1,2\) В элементтен және \(5\) Ом сыртқы кедергіден тұратын тізбектегі ток күші \(0,2\) А. Элементтің ішкі кедергісі

  6. ЭҚК-і \(\varepsilon=12\) В, ішкі кедергісі \(r=0,1\) Ом, ток көзінің қысқаша тұйықталу тогы

  7. Шамды ЭҚК-і \(4,5\) В-қа тең  элементтер батареясына қосқанда вольтметр \(4\) В-ті, ал амперметр ток күшінің \(0,25\) А екенін көрсеткен. Батареяның ішкі кедергісі

  8. Электр тізбегінің ішкі кедергісі \(2\) Ом ток көзінен, сыртқы кедергісі \(1\) Ом өткізгіштен тұрады. Тізбекте ток \(6\)А. Ток көзінің ЭҚК−і

  9. Ток көзі кедергісі \(1,8\) Ом сыммен тұйықталғанда, тізбектегі ток \(0,7\) А болады. Ал осы ток көзін кедергісі \(2,3\) Ом сыммен тұйықталғанда, онда ток күші \(0,56\) А болады. Ток көзінің ЭҚК-і және ішкі кедергісі

  10. Ток күші \(30\) А болғанда, сыртқы тізбектегі қуат \(180\) Вт-қа тең, ал ток күші \(10\) А болғанда, қуат \(100\) Вт болса, ток көзінің ішкі кедергісі мен ЭҚК-і  

  11. Егер ЭҚК-і \(12\) В батареяны кедергісі \(4\) Ом сыртқы резистор арқылы тұйықтағанда тізбектегі ток күші \(2\) А болатын болса, осы батареяны қысқа тұйықтағанда тізбектегі ток күші неге тең болады?

  12. Егер ішкі кедергісі \(0,25\) Ом электр энергиясы көзін ұзындығы \(5\) м темір өткізгішпен тұйықтағада тізбекте \(0,5\) А ток пайда болса, онда электр энергиясы көзінің ЭҚК-і қандай болады? Меншікті кедергісі: \(2\cdot10^{-8}\) ОМ · м.

  13. ЭҚК-і \(10\) В және ішкі кедергісі \(1\) Ом болатын ток көзіне қосылған. Егер кедергілер \(R_1 = 4\) Ом  және  \(R_2= 10\) Ом параллель жалғанса онда жалпы кернеу мен кедергі неге тең болады?

  14. Егер ішкі кедергісі \(0,20\) Ом электр энергиясы көзін ұзындығы \(3\) м темір өткізгішпен тұйықтағанда тізбекте \(0,3\) А ток пайда болса, онда электр энергиясы көзінің ЭҚК-і және өткізгіштің кедергісі

    (\( ρ = 12 \cdot 10^{-8}\)Ом ⋅ м, \(S = 0,2 \cdot 10^{-6}\) м\(^2\))

  15. Тізбектің сыртқы бөлігінің кедергісі \(2\) Ом болғанда ток \(0,8\) А болса, ал кедергі \(3\) Ом болғанда ток \(0,6\) А болса, онда аккумуляторлар батареясының ішкі кедергісі мен ЭҚК-і

  16. Егер ішкі кедергісі \(1,5\) Ом электр энергиясы көзін ұзындығы \(4\) м темір өткізгішпен тұйықтағада тізбекте \(1\) А ток пайда болса, онда электр энергиясы көзінің ЭҚК-і мен жалпы кедергісі қандай болады? Меншікті кедергісі: \(12⋅10^{-8}\)Ом ⋅ м, ауданы: \(2⋅10^{-7}\)м.

Қате туралы хабарландыру