Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы

Конспект

Ең алғаш өткізгіштен өтетін токтың кернеуге тәуелділік заңын неміс ғалымы Г. Ом 1827 жылы тұжырымдаған. Төменде R тұтынушы амперметр және вольтметр арқылы ток көзіне жалғанып құрастырылған электр тізбегінің сызбасы көрсетілген.

 

\(U=\varphi_1-\varphi_2\)

Г. Ом тәжірибесі:

тізбек бөлігінде ток күші осы

бөліктің кернеуіне

тура пропорционал, ал кедергісіне кері

пропорционал.

\(\boxed{I=\frac UR}\)

Өткізгіштердің вольтамперлік сипаттамасы

 

Кедергі \(R\) [Ом] - өткізгіштің өз бойымен электр тогын өткізуіне қарсылық жасау қабілетін білдіретін физикалық шама.

Х.Б жүйесінде өлшем бірлігі - Ом.

Ұштарындағы потенциалдар айырымы 1 B,

өткізгіштен 1A ток өткендегі өткізгіштің кедергісі 1 Ом болады.

Электр сұлбада белгісі

Кедергі айнымалы

өткізгіш - реостат

Меншікті кедергі - ұзындығы 1 м, көлденең қимасының ауданы 1 м2 өткізгіш кедергісі.

\(\rho[Oм\cdot м^2/м]=Oм\cdot м\)

 \(R=\rho \frac lS\)

 

Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі

\(R=R_0(1+\alpha \cdot t^\circ)\\ \rho = \rho_0(1+\alpha\cdot t^\circ)\) \(\begin{pmatrix} t=0^\circ C:\\ R=R_0\\ \rho = \rho_0 \end{pmatrix} \)

α ‒ кедергінің температуралық коэффициенті

- металдар үшін α > 0

- электролиттер үшін α < 0

- таза металдарда \(\alpha = \frac 1{273K}\)

Температураның көтерілуіне байланысты кристалдық

торлардың түйіндерінің тербеліс амплитудасы артады,

сондықтан кедергі артады.

 

Температурасы кризистік

температурадан төмендегенде

өткізгіш кедергісі нольге дейін

төмендеу қасиеті. (зат абсолют өткізгіш)

металдар: \(T_к \approx \frac 1{20K}\)

 

 

керамика: \(T_к \approx 100K\)

 



Сұрақтар
  1. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу – 6 В, кедергі  – 3 Ом. Өткізгіштегі ток күші

  2. Кедергісі \(R=5\) Ом өткізгіштен \(t=1,5\) мин уақытта \(q=45\) Кл заряд өтеді. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу

  3. Суретте берілген вольт-амперлік сипаттама бойынша  өткізгіштің кедергісі

     

  4. Кедергісі – \(12\) Ом, кернеуі \(120\) В болатын ток көзіне қосқанда өткізгіштен өтетін ток

  5. Шамға қосылған амперметрдің көрсетуі \(0,1\) А. Желіге тағы сондай бір шам тізбектей қосылса, онда амперметрдің көрсетуі

  6. Ұзындығы \(10\) м мыс сымның кедергісі \(10\) м болуы үшін оның диаметрі

    \((\rho=1,7\cdot10^{-8}\) Ом/м\()\)

  7. Ұзындығы – \(14,2\) м, көлденең қимасы – \(3,5\) мм\(^2\) мыс сым арқылы өтетін ток күші \(2,25\) А. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу

    \((\rho=1,7\cdot10^{-8}\) Ом/м\()\)

  8. Ұзындығы \(100\) м болат сымның қимасы \(0,5\) мм\(^2\). Кернеу \(68\) В болса, ток күші

    \((\rho=12\cdot10^{-8}\) Ом/м\()\)

  9. Электрқыздырғыш кернеуі \(220\) В желіге қосылған, қыздырғыштағы ток күші \(4\) А, сымның көлденең қимасы \(0,1\) мм \(^2 \) болса, оны жасауға керекті нихром сымның  ұзындығы \((\rho=110\cdot10^{-8}\) Ом/м\()\)

  10. Қимасы – \(0,5\) мм\(^2\), ұзындығы – \(4\) м сымнан жасалған электрқыздырғыштың спиралі арқылы жүрген ток күші \(2\) А. Егер оған \(9,6\) В кернеу берілген болса, онда спиральдің меншікті кедергісі

  11. Кедергі \(3\) есе артып, өткізгіштің ұшындағы кернеу тұрақты болғанда өткізгіштен бөлініп шығатын жылу мөлшері

  12. Қараңғыда кедергісі \(250\) кОм болатын фоторезистор кедергісі \(5\) кОм резистормен тібектеп қосылған. Фоторезисторды жарықтандырғанда тізбектегі ток (бағыты бұрынғыдай болғанның өзінде) \(4\) есе артты. Фоторезистордың кедергісі

  13. Ұзындығы – \(2\) км, кедергісі  – \(8,5\) Ом болатын мыс сымның массасы қандай?

    \(\rho_м\)\(=1,7\cdot10^{-8}\)Ом · м; \(\rho_Т\)\(=8900\) кг/м\(^3\)

     

  14. Өткізгіштің кедергісі қандай қасиеттерге тәуелді?

  15. Реостаттың пайдаланатын қуаты \(– 30\) Вт, қысқыштарындағы кернеу \(– 15\) Вт. Егер көлденең қимасы \(\)\( 0,5\) мм\(^2\) болса, онда реостатты дайындауға кететін никель сымының ұзындығын анықта.

     \(ρ= 42\cdot10^{-8}\) Ом · м (никель)

Қате туралы хабарландыру