iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Жарықтың толқындық қасиетін сипаттайтын құбылыстар
Жарық дисперсиясы - ортадағы жарықтың таралу жылдамдығы толқын ұзындығына тәуелді (сыну көрсеткіші).
Дисперсия - ақ жарықтың спектрге жіктелуінің себепкері. Ақ жарық - күрделі. Спектрлі жарық - монохроматты (белгілі λ толқын ұзындығы бар). |
Дисперсия теориясы
< |
Вакуумде дисперсия байқалмайды.
Ақ жарықтың жіктелуі және синтезделуі |
Монохраматты жарықтар: қарапайым жарық (призмада жіктелмейді) |
Жарықтың интерференциясы - кеңістіктің әртүрлі нүктесінде когерентті екі немесе бірнеше толқындардың қабаттасуының нәтижесінде орныққан жарық толқындарының күшеюі мен әлсіреуінің суреттемесінің пайда болуы.
Когерентті толқындар - бірдей жиілікті, фаза айырымы тұрақты толқындар (табиғатта когерентті толқындар көздері жоқ). Жарық шоғын екіге болу арқылы немесе лазердің көмегімен когерентті жарық көздерін алуға болады.
Интерференциялық максимум шарты
|
Интерференциялық минимум шарты
|
толқындардың кездескенше жүрген жол айырымы
Ньютон сақинасы |
Жұқа қабықшадағы интерференция
|
Франель айнасы
|
Қабаттасқан екі толқынның фаза айырымы немесе
Табиғи жарық ‒ поляризацияланбаған жарық. Толқынның таралу бағытына перпендикуляр барлық бағытта электр өрісі кернеулігінің және магнит индукциясының тербелісі болады. Жарық ‒ көлденең толқын.
Поляризаторлар (турмалин, герапатит, поляроидтар) және векторлары тербелістерінен тұратын жарық толқындарын бір жазықтықта өткізу қасиеті бар.
Лазер поляризацияланған жарық шығарады |
Дифракция - өлшемі толқын ұзындығымен шамалас бөгетті жарықтың орағытып өтуі.
Байқалу шарттары
- бөгеттің өлшемі толқын ұзындығымен шамалас болу керек ;
- бөгет пен бақылау аралығы бөгет өлшемінен әлдеқайда үлкен болу керек.
Дифракция нәтижесінде әр нүктеден шыққан когерентті толқындардың қабаттасуынан интерференция байқалады
Дифракциялық тор - мөлдір емес аралықтармен бөлінген тар саңылаулардың жиыны
дифракциялық тордың периоды
|
А нүктесінде интерференциялық максимумның байқалу шарты
мұндағы (максимум реті)
|
Ақ жарықтың дифракциялық көрінісі |
орталық максимум ретті максимум ретті максимум т.с.с. |
-
Дифракциялық тордың \(1\) мм ұзындығында \(100 \) штрих бар. Дифракциялық тордың периоды
-
Сабын көпіршігінің боялу себебін түсіндіретін құбылыс
-
Интерференцияланушы екі сәуленің жол айырмасы \(\frac{\lambda}4\) болса, онда тербелістерінің фазалар айырмасы
-
Ұзындығының \(1\) мм-не \(50\) штрихтен келетін дифракциялық тордың бетіне түсетін толқын ұзындығы \(400\) нм жарықтың екінші реттік максимумы көрінетін бұрышы
-
Периоды \(0,02\) мм болатын дифракциялық тордың көмегімен алынған бірінші дифракциялық көріністің центрден қашықтығы – \(3,6\) см, ал тордың экраннан қашықтығы – \(1,8\) м. Торға түскен жарық толқынының ұзындығын тап.
-
Қыздырылған дененің сәуле шығару процесі
-
Толқын ұзындығы \(0,5\) мкм болатын жарықтың екінші реттік дифракциялық максимумы \(30^{\circ}\) бұрышпен түсуі үшін дифракциялық тордың \(1\) мм-дегі штрих саны (-дары)
-
Толқын ұзындығы \(0,5\) мкм болатын жарықтың бірінші дифракциялық максимумы нормалға \(30^{\circ} \) бұрыш жасайды. Дифракциялық тордың периоды \((\sin30^{\circ} =\frac 12 )\)