Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс

Конспект

Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс – кезкелген бірдей уақыт аралығында дене бірдей орынауыстыру жасайтын қозғалыс.

 

Жылдамдық – дененің бірлік уақыт ішіндегі орынауыстыруын көрсететін векторлық физикалық шама \(υ-const.\)

 

\(\boxed{\vec U=\frac{\vec S}t}\)                \([M/C]\)              \(\vec V \uparrow\uparrow\vec S\)

 

Дене координата осінің оң бағытымен орынауыстырса, \(υ>0\); дене х осіне қарсы бағытта қозғалса, \(υ<0\).

 

Орынауыстыру     \(\boxed{\vec S=\vec v\cdot t}\) векторлық түрде
   \(S_x=v_x\cdot t\) – орынауыстыру векторының х осіндегі проекциясы

 

Координата \(x[m]\)

\(xo\)-бастпақы координата

  \(\boxed {x=x_0+S_x \\x=x_0\pm v_x t} \)

 

Қозғалыстағы денелердің кездесу орнында \(x_1=x_2\) яғни олардың координаталары өзара тең. Осы теңдікті пайдаланып, денелердің кездесу уақытын және кездесу координатасын анықтауға болады.

 

Қозғалысты графикпен сипаттау – механикалық қозғалысты зерттеудің тиімді әдістерінің бірі. График арқылы дененің кез келген уақыт мезетіндегі қозғалысты сипаттайтын шамалардың мәндерін анықтауға болады. Сонымен қатар қозғалыстың түрлерінің сипатын оңай табуға болады.

 

\(v_{1x}=6m/c,v_{2x}=2m/c\)

\(S_х= υ_х·t\)

\(x1=v_{1x}\cdot t,x_2=\\=v_{2x}\cdot t,\)

\(x_3=100+v_{3x}t,x_4=\\=100-v_{4xt,}\)

Жылдамдықтың

уақытқа тәуелділігі

Орынауыстырудың

уақытқа тәуелділігі

Координатаның

уақытқа тәуелділігі

  



Сұрақтар
  1. 0,5 сағатта 250 км қашықтықты ұшып өткен ұшақтың жылдамдығы

  2. Жүк көлігінің қозғалыс теңдеуі  \(x_1=-270+12t\), ал жолдың жиегімен келе жатқан адамның қозғалыс теңдеуі  \(x_2=-1,5t\). Олардың кездесу уақыты және орны

  3. Ұзындығы 240 м болатын пойыз бірқалыпты қозғала отырып, көпірді 2 мин аралығында жүріп өтеді. Егер көпірдің ұзындығы 360 м болса, онда пойыздың жылдамдығы

  4. Автокөлік көпірмен 18 км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келеді. Егер көпірдің ұзындығы  480 м болса, онда автокөліктің көпірден өту уақыты

  5. ОХ өсінің бойымен қозғалған екі дененің координаталары  \(x_1=63-6t\)   және \(x_2=-12+4t\) тендеулеріне сәйкес өзгереді. Денелердің кездесу уақыты мен координатасы

  6. \(x=3+2t+4t^2\) түзу сызықты қозғалыстың теңдеуі. Дене қозғалатын жылдамдық пен үдеу

  7. Велосипедшінің жылдамдығы – 36 км/сағ, ал желдің жылдамдығы – 4 м/с. Егер:

    1) жел қарсы соғып тұрса;

    2) жел қуалай соғып тұрса, онда велосипедшімен байланысқан санақ жүйесіндегі желдің жылдамдығы қандай?

  8. Мотоциклші жолдың бір бөлігін 2 сағатта 45 км/сағ, екінші бөлігін 3 сағатта 50 км/сағ жылдамдықпен жүріп отырды. Мотоциклшінің орташа жылдамдығы

  9. Оқтың оқпан ортасындағы жылдамдығы оқпаннан шығардағы жылдамдығынан                      

Қате туралы хабарландыру