iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Магнит өрісінің сипаты
Магнит өрісі - тұрақты магнит пен тогы бар өткізгіштің айналасындағы кеңістіктегі күштік өріс. Магнит өрісін қозғалған электр зарядтары тудырады және магнит өрісі қозғалған электр зарядтарына әсер етеді
Магниттік өзара әсерлер |
- Тогы бар өткізгіштердің өзара әсерлесуі магниттік деп аталады. - Тогы бар өткізгіштердің бір-біріне әсер ету күштері ‒ магниттік күштер деп аталады. |
Эрстед тәжірибесі
Магниттік тілше өткізгіш айналасында бағдарланады. Тогы бар өткізгіштің айналасында магнит өрісі болады. |
---|
Магнит индукция векторы [Тл] |
Магнит өрісінің күштік сипаты болатын векторлық физикалық шама. Тогы бар рама (контур) ‒ магнит өрісінде бағдарланады. \(M\sim I\cdot S\) \(M \ −\) айналдырушы момент (контурдың пішініне тәуелді емес), \(I \ ‒\) ток күші,\(S \ ‒\) раманың ауданы (тәжірибе жүзінде дәлелденген). |
\(\frac M{I\cdot S} = const = B\) |
Магнит өрісінің сипаты, магнит индукция векторы |
\(\boxed{ B=\frac M{I\cdot S} }\) | \([Тл = H\cdot м/A \cdot м^2 = H/A\cdot м]\) |
Магнит өрісінің векторының бағыты
‒ векторының бағыты сәйкес келеді: а) Магнит өрісінде бағдарланған магниттік тілшенің солтүстік (N) ұшының бағыты. б) Тогы бар рамаға түсірілген (n) нормальдің бағыты бұрғы ережесіне сәйкес (оңқай винт). |
Суперпозиция принципі \(\vec B = \vec B_1 +\vec B_2+\vec B_3 + . . . +\vec B_n\) |
Өрістің берілген нүктесіндегі магнит индукция векторы осы нүктедегі барлық магнит өрістерінің индукция векторларының геометриялық қосындысына тең. |
Магнит өрісінің графиктік кескіні
Магнит индукциясының сызықтары |
Өрістің кезкелген нүктесіне жүргізілген жанама осы нүктедегі магнит өрісінің индукциясының бағытымен сәйкес келетін сызықтар:
|
\(\begin {matrix} \cdot \ \ \cdot \ \cdot \ \ \cdot \vec B \\ \cdot \ \ \cdot \ \cdot \ \ \cdot \ \ \ \\ \cdot \ \ \cdot \ \cdot \ \ \cdot \ \ \ \\ \cdot \ \ \cdot \ \cdot \ \ \cdot \ \ \ \\ \end{matrix}\) | \(\begin {matrix} \times \ \ \times \ \times \ \ \times \vec B \\ \times \ \ \times \ \times \ \ \times \ \ \ \\ \times \ \ \times \ \times \ \ \times \ \ \ \\ \times \ \ \times \ \times \ \ \times \ \ \ \\ \end{matrix}\) |
Магнит өрісі парақтан жоғары бағытталған.
Тогы бар түзу өткізгіш |
Тогы бар орам
|
Магнит өрісі парақ үстінен астына қарай бағытталған. Тогы бар катушка (электро магнит) катушканың ішіндегі өріс біртекті |
Магнит ағыны Ф[Вб]- Кеңістіктің берілген ауданына перпендикуляр тесіп өтетін магнит индукция сызықтарының санына тең скаляр физикалық шама.
\(Ф_{max}\) |
\(Ф = 0\) |
\(0<Ф<Ф_{max}\) |
---|
\(\boxed {Ф = B \cdot S \cdot cos \ \alpha}\) \(B \ ‒\) векторының модулі, \(S \ ‒\) раманың ауданы, \(α \ ‒ \) вектормен рамаға жүргізілген нормаль арасындағы бұрыш.
|
Магнит ағыны Ф [Вб] – ауданы \(S\) раманы перпендикуляр бағытта тесіп өтетін магнит индукция векторының проекциясы мен сол ауданның көбейтіндісімен анықталады.
Өрістің энергетикалық сипаты
Тұйық контур бойымен жұмыс 0 ‒ге тең емес. Яғни, магнит өрісі потенциалды емес.
-
\(0,5\) Тл магниттік индукция векторы ауданы \(25\) см\(^2\) болатын контур жазықтығына тұрғызылған нормальмен \(600\) бұрыш жасайды. Контурды тесіп өтетін магнит ағыны
\((\cos600=0,5)\)
-
Магнит өрісінің индукциясы \(2\) Тл және векторы контур жазықтығына параллель. Ауданы \(0,01\) м\(^2\) контурды қиып өтетін магнит өрісінің ағыны
-
Ауданы \(400\) см\(^2\)-қа тең рама индукциясын \(0,1\) Тл біртекті магнит өрісіне және рамаға жүргізілген нормаль индукциясы сызықтарына перпендикуляр болатындай орналастырылған. Ток күші қандай болғанда рамаға \(20\) мН·м–ге тең айналдырушы момент әсер ететін болады?
-
Ауданы \(100\) см\(^2\) болатын контур индукциясы \(2\) Тл біртекті магнит өрісінде орналасқан. Егер контур жазықтығы индукция векторына перпендикуляр болса, онда контурдан өтетін магнит ағыны
-
Индукциясы \(0,3\) Тл біртекті магнит өрісіндегі \(10\) А ток жүріп тұрған актив бөлігінің ұзындығы \(10\) см өткізгішке \(0,15\) Н күш әсер етеді. Өткізгіш пен магнит индукциясы векторының арасындағы бұрыш