iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Электромагниттік индукция (сипаттама)
Конспект
Электромагниттік индукция құбылысы
Фарадей тәжірибесі |
1831ж М.Фарадей (ағыл.). Магнит пен тұйықталған катушканың бір-біріне қатысты қозғалуының салдарынан катушкада ток пайда болады, ол ток индукциялық ток деп аталады |
Электромагниттік индукция
|
Тұйықталған өткізгіш контурда оны тесіп өтетін (Ф) магнит ағыны өзгергенде (магнит индукциясының сызықтарының саны өзгергенде) индукциялық токтың пайда болу құбылысы. |
Ленц ережесі
Тұйық контурда пайда болған индукциялық ток өзінің магнит өрісімен өзін тудырған магнит ағынының өзгерісіне қарсы әсер етеді Егер \(Ф\downarrow,\) онда \(B_0\uparrow\uparrow B\) (б-сурет) Егер \( Ф\uparrow,\) онда \(B_0\uparrow\downarrow B\) (а-сурет) |
---|
Ленц ережесінің көмегімен, бұранда ережесін пайдаланып, индукциялық токтың бағыты анықталады.
Қате туралы хабарландыру