iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Атомның құрылысы. Атомның ядролық үлгісі
|
Резерфорд алтын фольганы α бөлшектермен атқылағанда, экранның жарықталғанын байқады α бөлшек → Не ‒ гелий атомының ядросы \(v_{\alpha} = 20000\) км/с \(m_{\alpha} = 8000m_e\) α бөлшек экранға түскенде экранның люминесценттік қабатында жарқыл пайда болады |
Тәжірибеден:
- көптеген α бөлшектер фольгадан ауытқымай өтіп кетеді,
- α бөлшектің аздаған бөлігі кіші бұрыштарға бұрылады,
- кейбір α бөлшектер фольгадан 90º‒тан артық бұрышқа ауытқиды.
Атомның барлық массасы атом ядросының аз кеңістігіне шоғырланған және оң зарядпен зарядталған атом ядросын электрон планета сияқты айналады. |
Атомның планетарлық моделі
|
-
Атомдық ядросында \(3\) протон мен \(4\) нейтроны бар бейтарап атомның электрондық қабықшасындағы электрондар саны
-
Азот атомының ядросын \(7\) электрон айналып жүр. Оның ядросындағы протондар саны
-
Азот атомын иондау үшін \(14,53\) эВ энергия керек. Иондауды туғызатын сәуле шығарудың толқын ұзындығы
\((h=6,62\cdot10^{-34}\) Дж·с, \(c=3\cdot10^8\) м/с, \(1\) эВ\(=1,6\cdot10^{-19}\) Дж\()\)
-
Сутек атомы төртінші энергетикалық күйден екінші энергетикалық күйге көшкенде \(2,55\) эВ энергиясы бар жарық фотондарын шығарады. Фотондардың толқын ұзындығы
\((h=6,62\cdot10^{-34}\) Дж·с, \(c=3\cdot10^8\) м/с, \(1\) эВ\(=1,6\cdot10^{-19}\) Дж\()\)
-
Жартылай ыдырау периоды \(27\) жыл болатын \( 8\) кг радиоактивті цезийдің \(108\) жылдан кейін қалған атомдарының массасы
-
Резерфорд жасаған атомның үлгісі неден тұрады?