iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Мәдениет
Соғыстан кейінгі 40-жылдар мен ХХ ғасырдың екінші жартысын қамтыған кезеңге ортақ үрдіс – адамның ақыл-ойы мен техникалық прогреске деген сенім айқын көрінді.
1950 жылдың соңында американ социологы және экономисі Уолт Ростоу қоғамдық даму теориясын жасады, оны «Экономикалық өсу сатылары» деген кітабында баяндап берді. К.Ростоу технологиялық даму дәрежесіне қарай қоғамның дамуындағы бес кезеңді бөліп көрсетті. Олар:
-
«Дәстүрлі қоғам» - капитализмнен бұрынғы барлық қоғамдар, олар еңбек өнімділігінің төмен деңгейінен, экономикада ауыл шаруашылығының үстемдігімен сипатталады;
-
«Өтпелі қоғам» - ол монополистіктен Бұрынғы капитализмге көшумен сәйкес келетін;
-
«Ілгерілеу кезеңі» - ол өнеркәсіптік революциялармен және индустрияландырудың басталуымен сипатталады;
-
«Жаңғырту кезеңі» - ол индустрияландырудың аяқталып, өнеркәсіп жағынан жоғары дәрежеде дамыған елдердің пайда болуымен сипатталады.;
-
«Бұқаралық тұтынудың жоғары деңгейінің кезеңі».
Өзінің бұдан кейінірек жазған «Саясат және өсу сатылары» деген еңбегінде У.Ростоу бұрын бөліп көрсетілген бес сатыға алтыншы сатыны – адамның рухани дамуы алдыңғы шепке шығатын «өмірдің сапасын іздеу» сатысын қосты.
60-жылдарды американ экономисі Джон Гэлбрайт жаңа индустриялық қоғамның тұжырымдамасын және осы тұжырымдама шеңберіндегі конвергенция теориясын талдап жасады. Конвергенция теориясына сәйкес, капиталистік елдерде социализм элементтерінің күшеюі, және социалистік елдерде капитализм элементтерінің күшеюі арқылы капиталистік жүйе мен социалистік жүйе жақындасады.
Олвин Тоффлер «Үлкен толқын» деген кітабында адамзат дамуының тарихын өркениеттің үш толқынының бірінен соң бірі өзгергендігі деп қарайды: бұлар аграрлық, өнеркәсіптік және индустрияландырудан кейінгі толқыны болып табылады деп көрсетеді. Қазіргі үшінші толқын технологиялық революция болып табылады.
XX ғасырда жаһандану үдерісінің күшеюі ғасыр феномені – бұқаралық мәдениеттің пайда болуына әкелді. Бұқаралық мәдениет – қазіргі қоғамда үстем болып отырған, мәдени құндылықтардың өндірілуімен сипатталатын мәдениеттің түрі.
Қазіргі мәдениеттануда бұқаралық мәдениеттің негізгі үш сатысы бөліп көрсетілуде.
-
Кич-мәдениет (деңгейі төмен, тіпті тұрпайы мәдениет)
-
Мид –мәдениет («ортаңқол мәдениет)
-
Арт-мәдениет (белгілі бір дәрежеде, кейде тіпті жоғары дәрежеде көркемдік маңызы және эстетикалық бейнеленуі бар бұқаралық мәдениет).
Модернизм дәстүрлі реалистік ағымдардан қол үзумен сипатталады. Модерн (жаңа, заманауи) – ХХ ғасырдағы мәдениеттің көркем шығармашылықтың классикалық тәсілдерінен қол үзген эстетикалық стильдері мен әдістердің саналуандығы.
60-70 жж. АҚШ пен Еуропада интернационалдық стильден аударғанда жоғары технологиялар дегенді білдіретін «хайтек» стилі пайда болды, ол қоғамдық ғимараттар, спорттық және театр орталықтарын, көрме павильондарын салу үшін пайдаланылады.
ХХ ғасырдың соңғы онж.дықтары ақпараттық технологиялар саласында үлкен өзгерістермен көзге түсті. Миллиондаған компьютерлерді біртұтас жаһандық ақпарат жүйесіне біріктіретін дүниежүзілік компьютерлік жүйе – интернет (жүйелерді біріктіру) екі идеяның – ақпараттарды жаһандық сақтаушы болу және оны таратудың әмбебап құралы болу идеяларының іске асқандығы болды.
Интернет біртұтас мәдени ақпараттық кеңістік құруға көмектеседі. Ол ғылыми, іскерлік, танымдық және көңіл көтеретін ақпараттарды еркін алып, таратуға кең мүмкіндіктер туғызады.
Таяу болашақта жүйелілік жобалаудың, әкімшілік қызмет атқарудың және қызмет көрсетудің көптеген процестері толығымен автоматтандырылады.
Біртұтас мәдени-ақпараттық кеңістікті қалыптастыру – аса маңызды жасампаз, нәтижелі механизмдердің бірі. Олардың көмегімен дүниенің алуан түрлілігі, терең ішкі процестер туралы, дүниежүзілік қауымдастықта ұдайы болып жатқан әр түрлі өзгерістер туралы адамзаттың түсініктері ұлғаяды.
- О.Тоффлердің «Үш толқын» деген кітабында қазіргі қоғам дамуына берген сипаттамасы:
- 60-жылдары қалыптасқан конвергенция теориясы бойынша:
- Мәдениетте «хайтек» стилі қолданылатын сала:
- Модерн ұғымының мәні:
-
XX ғасырдың екінші жартысында адамның ойлауындағы өзгеріс:
- XX ғасырда жаһандану үдерісінен туындаған феномен:
-
Қазіргі мәдениеттануда бұқаралық мәдениеттің неше негізгі сатысы бөлініп көрсетілуде:
-
Уолт Ростоу қоғамды технологиялық даму дәрежесіне қарай неше кезеңге бөлді:
-
«Экономикалық өсудің сатылары. Коммунистік емес манифест» кітабының авторы:
-
Милтон Фридмен Нобель сыйлығын алды:
-
ХIХ ғасырдың соңында ағылшын ғалымы Э. Резерфорд қандай жаңалық ашты?
-
Альберт Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы нені дәлелдеді?
-
ХХ ғасырдың 20-жылдары бейнелеу өнерінде қандай бағыттар қалыптасты?
-
Сюрреализм бейнелеу ағымының мазмұны не?
-
ХХ ғасырдың 20-шы жылдары модернистік әдебиеттің өкілдері:
-
Модернистік ағымдарға жатады:
-
Мәдениет дамуының негізгі кезеңдері:
-
Мәдениетте постмодернизмге тән ағымдар: