Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

3-нұсқа

Конспект

Жануарлардың асқорыту жүйесі

 

Көпжасушалы жануарлардың асқорыту жүйесі эволюция барысында қалыптасты. Біржасушалы жануарларда қоректік заттар денесінің беті жасуша мембранасы арқылы өтеді немесе арнайы органоидтер тұтып қалады. Кейін қорек лизосома арқылы жасуша ішінде қорытылды. Астың қорытылуы жануарлардың асқорыту құрылысының ерекшеліктеріне байлансты. Мысалы, жауынқұрттың асқорыту жүйесі басқа құрттардан едәуір жетілген. Сондай-ақ, оларда ең алғаш сілекей бездері пайда болды. Ал сиырдың асқорыту жүйесі басқа сүтқоректілер, соның ішінде адам ағзасына тән асқорыту мүшелерінен тұрады. Басқа күйіс қайыратын жануарлардағы сияқты сиырдың асқорытуының ерекшелігі асқазанның құрылысына байланысты. Оның асқазаны төрт бөлімнен тұрады. 

Сүтқоректілерде асқорыту мүшелері үлкен екі топқа бөлінеді. Асқорыту жолының бірінші бөлімі – ауыз қуысы. Ауыз қуысында:

  1. ас тістердің көмегі арқылы ұсақталады; 
  2. сілекеймен шыланады; 
  3. кейбір бактериялар жойылады; 
  4. астың дәмі мен температурасы анықталады. 

Ауыз қосында жүретін ең негізгі үрдіс – судың ыдырауы. Бұл негізгі сілекей ферменті – амилаза әсерінен жүзеге асады. 



Сұрақтар
  1. Жасушада асқорыту жүйесіне қатысатын органоид 

  2. А-суретіндегі №3 санымен берілген асқорыту мүшесінің қызметі 

  3. Б-суретіндегі №4 санымен берілген асқорыту мүшесінде жүзеге асатын үдеріс 

  4. В-суретіндегі күйіс қайыратын жануарлардың асқорыту жүйесінде қорек жұмыршақтан, қарынның келесі бөліміне түседі 

  5. Г-суретіндегі жауынқұрттың сілекей бездерінен бөлінетін әкке ұқсайтын заттың қызметі  

Қате туралы хабарландыру