iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
1-нұсқа
Сүйектің макро және микроскопиялық құрылысы мен химиялық құрамы
Ересек адам қаңқасының құрамында 200-ден астам сүйек болады. Сүйектер бір-бірінен пішіні мен құрылысы бойынша ерекшеленеді. Олар: жалпақ, түтікті және қысқа сүйектер. Сүйек дәнекер ұлпасының бір түрі болып табылатын сүйек ұлпасынан түзілген. Сүйек сыртынан онымен тұтасып өскен, созылғыш ұлпа сүйекқаппен жабылған. Сүйекқапта қан тамырлар мен жүйке ұштары рецепторлар орналасқан. Олар сүйектің тірі жасушаларын қоректендіру, оттек жеткізу және зиянды заттарды шығарып тастау үшін керек. Сондай-ақ, сүйектің құрамында остеоцит, остеокласт, остеобласт деп аталатын, өзіндік типімен ерекшеленетін бірнеше жасушалар типі болады. Сүйекке иілгіштік және мықтылық қасиет беретін органикалық және бейорганикалық заттар мөлшері кездеседі.

-
А-суреттіндегі №1 санымен берілген сүйек құрылымының атауы
-
Б-суретіндегі №8 санымен берілген сүйек құрылымының қызметі
-
Сүйек құрамындағы оссеин нәруызының қызметі
-
Б-суретіндегі №3 санымен беріген сүйек құрылымының қызметі
-
Сегізінші сынып оқушысы Арман, биология сабағында мұғалімінен өзінің үйіндегі бес айлық інісінің маңдай бөлімінің бүлкілдеп тұратын жұмсақ жері – еңбегінің, не себепті жұмсақ, және де ол неге үнемі жүрек соғысы секілді қозғалыста болатынын сұрады. Мұғалімнің жауабы: