iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
V тарау. Адам нәсілдері
Қазіргі кезде жер ғаламшарында адамның бір ғана түрі – саналы адам тіршілік етеді. Адамның әртүрлі құрлықтарда тіршілік етуіне қарамастан олардың бәрінің де анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері бірдей тек сыртқы терісінің түсінде ғана айырмашылықтар бар.
Қазіргі кезде бүкіл адамзатты төрт ірі нәсілге бөледі. Олар Австралоидтық, Негроидтық, Еуропоидтық және Монголоидтық нәсілдер деп аталады. Олардың өзі 30-дан астам ұсақ нәсілдерге бөлінеді. Кейбір құрлықтарда ірі нәсілдер бірлесе өмір сүргендіктен, олардың арасында некелесу жағдайынан аралас нәсілдер пайда болған.
Нәсілдердің пайда болуы туралы түрлі көзқарастар бар. Мысалы, неміс ғалымы К.Фогт Қазіргі адамдардың әртүрлі нәсілдері әр түрлі адам тәрізді маймылдардан пайда болған деген пікірді қолдайды. Соңғы кездегі генетикалық, биохимиялық зерттеу нәтижелері барлық нәсілдердің арғы тегі саналы адамнан басталғанын дәлелдеп берді.
Нәсілдер арасындағы негізгі айырмашылық адамдардың сыртқы түрінің өзгешілігіне: терісінің, шашының, көзінің түсінің, мұрынның, еріннің пішініне негізделген. Мұндай айырмашылықтар әрбір нәсілдің бір-бірінен айырмашылығы бар табиғи жағдайларда ұзақ уақыт өмір сүруінен пайда болған.
Негроидтік нәсілге тән белгілер. Терісінің түсі кара, шашы бұйра, денесінің түктері орташа, кең танаулы, калын ерінді. Бұл аталғандардың барлығы ыстық климатқа бейімділікті сипаттайтын белгілер. Негройдтық нәсілдің кеңінен таралған аймағы – Африка.
Негройдтық нәсіл
Еуропеоидтік нәсілге тән белгілер. Терісінің түсі ашық, шашы толқын.
Еуропеоидтік нәсіл
Монголоидтік нәсілге тән белгілер. Терісінің түсі сарғыштау, шашы кайратты және тік, денесінін түктері өлсіз, нәзік танаулы, ерінінің калыңдығы орташа, көздері кысыңкы.
Монголоидтік нәсіл
Адам нәсілдері осыдан 30—40 мың жыл бұрын қалыптаса бастаған. Ол уакытта нәсілдік айырмашылығы ортаның географиялық өзгеру жағдайына бейімделушілік кажеттілігінен туды. Сонымен қатар әр нәсілдің өзара оқшаулануы да әсерін тигізді.
- Адам нәсілдерінің қалыптасқан уақыты:
-
Монголоидтік нәсіл:
-
Еуропеоидтік нәсіл:
- Қазір адамдарды бөледі:
-
Негроидтік нәсіл:
-
Монголоидтар таралған аймақтар?
-
Нәсілдер туралы ғылым?
-
Негроидтік қара нәсілдің шығу тегі?
-
Ең артта қалған төменгі топты құрайтын негроидтарды қандай адамдар тобына жатқызды?
-
Негроидтік нәсілдің кеңінен таралған аймағы?