Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

IX тарау. Биологиялық ырғақтар. Фотопериодизм

Конспект

Биологиялық ырғақтардың маңызы. Табиғатта көптеген құбылыстар белгілі бір уақыт аралығында ырғақты түрде үнемі қайталанып тұрады. Мысалы, күн мен түннің ауысуы - белгілі уақыт аралығында күн белсенділігінің өзгеруі және т. б. Ырғақты өзгеріс адам ағзасында үнемі байқалады. Мысалы, жүректің соғуы, жүйке талшықтары аркылы қозу мен тежелудің таралуы және т. б. Тірі ағзаларға тән ырғақты өзгеріс - биологиялық ырғақ деп аталады. Биологиялық ырғақ белгілі бір уақыт аралығында ағзада қайталанып, оның тіршілік әрекетіне әсер етеді.

 

Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар тікелей ғарыштық факторлардың әсері аркылы дамиды. Әсіресе күн сәулесі белсенділігінің өзгеруі тірі ағзаларға ерекше әсер етеді. Адам ағзасының ішкі ортасы күн сәулесі белсенділігінің ауытқуына сәйкес өзгеріп отырады. Мысалы, магниттік толқынның әсерінен адамның кан қысымы өзгереді, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады. Күн сәулесі белсенділігінің өзгеруі адамның шығармашылық жұмыстарына да өсерін тигізеді. Тірі ағзаларда болатын ырғаққа Айдың да әсері бар. Жердің өз білігі (ось) бойынша козғалуы (24 сағатта) тәуліктік ырғаққа әсер етеді. Жердің күнді айнала қозғалуы маусымдык ырғақтарды қалыптастырады.

 

Биологиялық сағат – жануарлар мен адамның уақыт өлшемін бағдарлау қасиеті. Ол клеткалардағы физикалық-химиялық және физиологиялық процестердің белгілі бір уақытта қайталанып отыруына (биологиялық ырғақ) негізделген. Мұндай қабілеттілік бір клеткалылардан бастап адамға дейін – тірі организмдердің барлығында болады. Кейбір зерттеушілер «Биологиялық сағат» организмнің геофизикалық факторлардың (жердің электр және магнит өрісі, Күн мен ғарыш радиациясының тәуліктік, жылдық, маусымдық қайталануының) өзгеруін қабылдау қабілетіне негізделген деп есептейді. «Биологиялық сағат» тұтас организмдердің де, сондай-ақ клетка ішіндегі процестердің де дұрыс тәуліктік жұмыс ырғағын басқарады. Ғылымда «Биологиялық сағаттың» сыры әлі толықтай ашылған жоқ.



Сұрақтар
  1. Тірі ағзаларға тән ырғақты өзгеріс:
  2. Магниттік толқынның әсерінен:
  3. Жануарлар мен адамның уақыт өлшемін бағдарлау қасиеті:
  4. Организмдердің күн мен түннің ұзақтығына жауап қайтарып анықтай білу қабілеті -

  5. Организмдердің тәуліктің жарық пен қараңғы мерзімдерінің ұзақтығына байланысты соған жауап беру реакциясы -
  6. Организмдердің маусымдық өзгерістерге бейімдеушілігін, тіршілігіндегі биологиялық процестерін зерттейтін ғылым саласы?

  7. Фотопериодизм құбылысына қарай өсімдіктер тобы қалай жіктеледі?

  8. Жануарлар тіршілігіндегі тәуліктік қайталанулар физиологиялық процестермен емес, тек қозғалыс белсенділігімен реттелу құбылысы?

  9. Биоиндикаторлардың дұрыс анықтамасын көрсетіңіз?

  10. Биологиялық ырғақтың қайталану құбылысы?

Қате туралы хабарландыру