iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
IX тарау. Биоценоз туралы түсінік
Биогеоценоз (био..., гео... және гр. koіnos — жалпы) — тіршілік ету жағдайлары ұқсас, белгілі аумақта өсетін өзара байланысты түрлердің (популяциялардың) тыныс-тіршілік ортасы.
Биогеоценоз терминін 1940 ж. орыс ғалымы В.Н. Сукачев ұсынған. Ғылыми әдебиетте биогеоценозды экологиялық жүйе деп те атайды. Дара бастың зат алмасу және энергия қабылдау процестері биогеоценоз популяциялары арасындағы байланыстардың негізін құрайды. Қоректену әдісіне қарай барлық тірі организмдер автотрофты организмдер және гетеротрофты организмдер болып бөлінеді.
Биогеоценоздағы зат айналымы тіршіліктің пайда болу процесінде қалыптасып, тірі табиғат эволюциясының дамуы нәтижесінде күрделене түседі. Сондай-ақ, биогеоценозда зат айналымы болу үшін экожүйеде анорганикалық заттардан органикалық заттар түзетін және Күн сәулесінің энергиясын басқа түрге өзгертіп, сол органикалық заттарды пайдаланып, оларды қайтадан анорганикалық қосылыстарға айналдыратын организмдер болады. Биогеоценоздың негізін продуценттер, консументтер, редуценттер құрайды.
Консументтер (лат. consumo – тұтынамын), тұтынушылар – қоректік тізбекте фотосинтез немесе хемосинтез жүргізетін өндіргіштер (продуценттер) түзетін дайын органикалық заттарды пайдаланатын организмдер. Барлық гетеротрофты организмдер Консументтер болып табылады. Олар өздері пайдаланған органикалық заттарды ақырғы өнімдерге дейін ыдыратпайды. Консументтер тобына барлық адам, жануарлар түрі, микроорганизмдердің біраз тобы, паразит және жәндік жегіш өсімдіктер жатады. Консументтер алғашқы (бірінші реттік) және соңғы (екінші реттік) болып жіктеледі. Алдыңғы топқа өсімдік тектес азықпен қоректенетіндер (өсімдік қоректі жануарлар, паразит өсімдіктер, кейбір “өсімдік қоректі” микроорганизмдер), ал соңғысына – жануар текті тамақпен қоректенетіндер жатады. “Консументтер” деген түсінік гетеротрофтар деген ұғымға жақын, бірақ олардың айырмашылығы Консументтер редуценттерге (органикалық қалдықтарды бейорганикалық заттарға айналдыратын организмдерге) жатпайды. Сонымен қатар Консументтер ұғымы автотроф-гетеротроф организмдерін жіктеуде емес, продуцент – консумент – редуцент қатарларын жіктеуде қолданылады. Эколгиялық жүйеде Консументтер басқарушы, теңестіруші буын рөлін атқарады, сондықтан олар сан және түр жағынан продуценттерден де, редуценттерден де басым болады.
Редуценттер (лат. reducentіs — қалпына келтіруші), ыдыратушылар — өлі органикалық заттарды (өлекселер мен организм қалдықтарын) ыдыратып, оларды органикалық емес заттарға айналдыратын организмдер (сапротрофтар). Оларды кейде деструкторлар, яғни ыдыратушылар деп те атайды. Редуценттер табиғи бірлестіктердегі (биогеоценоздардағы), экожүйелердегі қоректік тізбектің соңғы кезеңін қамтиды, яғни қоректік тізбек Редуценттердің қызметімен аяқталады. Сондықтан Редуценттер кез келген қоректік тізбекте (заттар мен энергия айналымында) басты рөл атқарады. Редуценттер гетеротрофты организмдерге жатады. Редуценттердің қоректік тізбектегі атқаратын қызметінің сызба нұсқасы: Редуценттерге бактериялар, саңырауқұлақтар, кейбір балдырлар, өлексемен қоректенетін жәндіктер, шұбалшаң, өзен шаяны, т.б. тіршілік иелері жатады. Сулы ортада тіршілік ететін Редуценттер судың биологиялық тұрғыдан тазаруына септігін тигізеді. Ал топырақ құрамында кездесетін Редуценттер топырақтың құнарлылығын арттырады.
-
Тірі организмдердің жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, микроорганизмдердің, бір жерде бір-бірімен өзара байланыста тіршілік ету жағдайы:
- Тіршілік ету жағдайлары ұқсас, белгілі аумақта өсетін өзара байланысты түрлердің тыныс-тіршілік ортасы.
-
Биогеоценоз терминін 1940 ж. ұсынған орыс ғалымы:
-
Қоректік тізбекте фотосинтез немесе хемосинтез жүргізетін өндіргіштер (продуценттер) түзетін дайын органикалық заттарды пайдаланатын организмдер:
- Өлі органикалық заттарды (өлекселер мен организм қалдықтарын) ыдыратып, оларды органикалық емес заттарға айналдыратын организмдер:
-
Биоценоз деген атауды ең бірінші болып ғылымға енгізген немістің ғалымы:
-
Биогеоценоз уақыт пен кеңістікке байланысты қандай топтарға жіктеледі?
-
"Экожүйе" терминін биогеоценоз ұғымының баламасы ретінде жиі қолданған ғалым?
-
Биоценоз зерттейтін ғылым саласы?
-
Қоректік қарым – қатынастарды ғылымда не деп?